Линн Олдфилд, Haileybury Almaty мектебінің директоры

Линн Олдфилд

Haileybury Almaty мектебінің директоры
Менің білім саласындағы мансабым Кэмбридж және Лондондық Білім Беру Институттарымен бірге A'levels ұлттық оқу бағдарламасын дамыту жұмысымен байланысты. Тәуелсіз және субсидияланған білім беру салаларында атқарған қызметім, соның ішінде халықаралық дайындық тәжірибем маған Хэйлибери Алматы мектебінің директорының лауазымын атқарып, оқу процесі мен оқу бағдарламаларын терең түсінуге мүмкіндігін береді, өз кезегінде бұл мектеп оқушыларына жоғары білім деңгейіне жетуге мүмкіндік береді.

Haileybury Almaty мектебі оқушыларының академиялық жетістіктерге жетуі және әлемдік деңгейдегі жоғарғы оқу орындарында өздерінің әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін тілдік дағдыларын дамыту мен үшін алғашқы орында. Мен әр оқушының лингвистикалық және мәдени тәжірибесін қолдаймын, олардың әрқайсысы өз бойында мықты тұлғалық қасиеттерінің бар екендігіне көз жеткізуін қалаймын. Әр баланың біртұтас тұлға ретінде дамуы және әрдайым өзгеріп жатқан жаһандық экономика мен қоғамдастықта белсенді және жауапты рөл атқаруға дайын, жан-жақты дамыған тұлғаға айналуы мен үшін өте маңызды.

Haileybury Almaty мектебі өз саяхатының жаңа кезеңіне бара жатыр: осы аймақтағы және одан тыс жерлердегі ең үздік халықаралық мектептердің бірі болу. Біз қазақ тілін, ағылшын тілін және әр баланың өз ана тілін еркін меңгеруге мүмкіндік беретін тілдік дағдыларды меңгерту орталығы боламыз. Біздің оқушыларымыз жоғары деңгейге жетеді, олардың білімдері мен қабілеттері әлемдік деңгейдегі жоғарғы оқу орындарында танылады және болашақта мансаптық және жалпы қоғам талаптарына жауап бере алатын болады. Мен Хэйлибери Алматы мектебінді сіздермен кездесуді асыға күтемін.

Өмірбаяны

Линн Лондон Университетінде жоғарғы білім алды. Білім саласындағы мансабы Ұлыбритания мен Қытай сияқты елдерде көшбасшылық ұстанымдарды қамтиды. Бұрын Пекиндегі мектепке дейінгі дайындық сыныптарынан бастап 13-сыныпқа дейінгі оқушыларға арналған үлкен және табысты мектеп Харроу халықаралық мектебінде жұмыс істеген. Аталмыш мектептің түлектері әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарында өз білімдерін жалғастыруда.

2009 жылы Ұлттық оқыту және көшбасшылық мектебінің Ұлттық агенттігі Линн Олдфилд ханымды Руанда Республикасының Білім министрлігінің білім беру кеңесшісі, мектеп директорлары мен әкімшіліктер қызметкерлеріне кеңес берушісі ретінде тағайындаған. Бұл тәжірибе оның халықаралық білімге деген қызығушылығын тудырып, ынтасын арттырды.

About Kazakh culture

About Kazakh culture

Байланыс

Tel.: +7 (727) 355 0100 (ext.223)

E-mail: l.oldfield@haileyburyalmaty.kz

Поступить сейчас

Оставьте ваш контактный e-mail и мы отправим вам все необходимые документы и требования для поступления вашего ребенка

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ