IGCSE - әлемдегі ең жақсы университеттерге алғашқы қадам

10-11 сыныпта оқушылар IGCSE бағдарламасы бойынша оқиды (Жалпы Орта Білім туралы Халықаралық Сертификаты). Оқушылар математика, ағылшын тілі, нақты ғылымдардан екі немесе үш пән, қазіргі заманғы шет тілі және таңдауға арналған үш қосымша пән сияқты пәндерді оқиды.

Бұл болашақ туралы ойлауға және болашақ мамандыққа қандай пән таңдауға болатынын жоспарлау уақыты ғана емес, сонымен қатар оқушылардың көптеген өзгерістер мен эмоционалдық немесе әлеуметтік мәселелерге тап болатын уақыты.

Жоғары сапалы мектеп білімінің негізі неде?

 

  • Оқушылардың мүмкіндіктерін дамыту және кеңейту үшін жоғары сапалы оқыту (білім мен түсінік, оқу тереңдігі)
  • Сан алуан үйірмелер мен секцияларға (спорт, музыка, актерлік шеберлік, пікірталас, көшбасшылық, еріктілік) қатысу арқылы баланың тұлға ретінде дамуы
  • Сыныптан тыс іс-шаралар (терең оқу, жобалар, академиялық бағдарланған іс-шаралар, конкурстар, қоғамдар) арқылы оқушының материалды тереңірек түсінуі
  • Университетке түсу кезінде сапалы қолдау көрсету және кеңес беру - жаһандық тәсіл

IGCSE бағдарламасы дегеніміз не?

 

  • Екі жылдық оқу курсы, оның соңында оқушылар емтихан тапсырады.
  • Өнер және жаратылыстану ғылымдары салаларынан таңдауға болатын 7 немесе 8 пән, ағылшын және математика міндетті болып табылады, ағылшын тіліне 2 пән (тіл және әдебиет).
  • Кейбір пәндер бойынша оқушылар курстық жұмыс жасайды, мысалы, бейнелеу өнерінен.
  • Әр пән бойынша әдетте 3 емтихан өткізіледі, бірақ кейбір тілдер бойынша  ауызша емтихандар да өткізіледі.
  • IGCSE бағдарламасы A Level бағдарламасының іргетасы болып табылады.

IGCSE бағдарламасы бүкіл әлемде қаншалықты танылған?

Қандай IGCSE пәндері бар?

2024-2026 IGCSE пәндері
Брошюраны жүктеп алу
Университерге тусуге құжаттар дайындау

Университерге тусуге құжаттар дайындау

Мектебіміздің оқу құнына университеттерге түсу бойынша кеңес беру қызметі кіреді, яғни басқа мекемелердің көмегіне жүгінудің қажеті жоқ.
Мектебімізде Ұлыбритания, АҚШ және т.б. елдердің университеттеріне түсу бойынша тәжірибесі мол кеңесшілер жұмыс істейді, ал біздің түлектеріміздің жоғары нәтижелері – осы кеңесшілердің қажырлы еңбегінің жарқын дәлелі.
Университерге тусуге құжаттар дайындау
Жаңалықтар
29.03.2024
Даниал: Кемелдікке апаратын жол
Даниал керемет жетістікке жетті – ол Америка Құрама Штаттарының ең беделді университеттерінен оқуға шақырту алды.
21.03.2024
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Триместрдің соңғы аптасында Haileybury Almaty мектебі жаңа өмірді, махаббатты, мейірімділік пен достықтың мерекесі Әз-Наурызды атап өтті.
19.03.2024
Әйгерім: Haileybury Almaty мектебінен Berklee Даңқ залына дейін
Haileybury Almaty мектебінің түлегі Әйгерім беделді Беркли музыкалық колледжіне түскенін зор мақтанышпен және қуанышпен хабарлаймыз.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат