Haileybury Almaty 4-5 жас аралығындағы балалар үшін 2018-2019 оқу жылына қабылдау сыныптары ашылып, бірінші сыныпқа қабылдау жүргізілуде.

Британдық жүйеге сәйкес Қабылдау сыныптары (дайындық тобы) балаларды мектепке дейінгі білім беру идеясымен мектеп жасына дейінгі балаларға арналған арнайы оқыту бағдарламасы арқылы таныстырады. Бұл оқу бағдарламасы оқушылардың жеке, әлеуметтік, эмоционалдық және физикалық дамуына, коммуникативтік және тілдік дағдыларының қалыптасуына басымдық береді. Белсенді когнитивті тәжірибе арқылы оқушылар ойын ойнауға, жаңа нәрсені үйренуге, сыни ойлауды қалыптастырып, одан әрі дамытуға үйренеді.

Выберите удобную дату для тестирования

Бастауыш мектеп (5-11 жас аралығы)

British independent school in Haileybury Almaty

Сіздерді Haileybury Almaty бастауыш мектебінде қарсы алуға қуаныштымыз.


Біз британдық ұлттық бағдарламаға сүйене білім береміз, және де оқу жоспарымызды оқушылардың жергілікті талап-тілектеріне сай бейімдейміз. Сыныптағы оқушылар санының 20-22-ден аспауы мен жоғары кәсіби және білікті оқытушылардың болуы бізге  барынша жоғары академиялық жетістіктерге жетіп, оқытудың жоғары стандарттарына қол жеткізуімізге мүмкіндік береді. Әр сыныпта дене шынықтыру, музыка, өнер және шет тілдері сабақтарын жүргізетін пән мұғалімдері мен олардың көмекшілері бар.

Біз Haileybury  Дағдыларының көмегімен жоғары мақсаттарға қол жеткіземіз. Haileybury Дағдыларының біздің оқушыларымызға дағдылылық, ақылға қонымды іс-қимыл жасау, батылдылық, қызығушылық, өз әс-қимылын ұйымдастыра білу және табанды болу сияқты қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Мектеп оқушылардың осы «дағдыларын» дамытып және олардың білім алуға деген оң көзқарастарын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Сабақтан тыс үйірмелердің  жан-жақты бағдарламасы оқушыларға өздерінің жаңа мүмкіндіктерін ашуға және сыныптан тыс жаңа дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.

Біз оқушыларымызды және олардың жетістіктерін мақтан тұтамыз.

Мэттью Эстон, Haileybury Almaty мектебінің бастауыш мектеп басшысы

Мэттью Эстон

Haileybury Almaty мектебінің бастауыш мектеп басшысы
Уэльстің Суонси университетінде аспирантуралық педагогикалық білім алғанға дейін Эстон мырза Глостершир университетінде психология саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Эстон мырзаның Ұлыбритания және шетел мектептерінде бастауыш сынып мұғалімі ретінде 15 жылдық тәжірибесі бар. Жетекші лауазымға орналасудан бұрын, ол төменгі сынып оқушыларына білім берген. Жақында ол өз білімін жетілдіру курсын сәтті аяқтап, Директорлардың Ұлттық Кәсіби Біліктілігі сертификатын (NPQH) алды. Эстон мырза кәсіби өсу мен дамуға деген сүйіспеншілігі мол, барлық оқушылар мен қызметкерлердің өздерін танып-біліп, кім екендіктерін танытуға мүмкін ортаны құруға тырысатын маман. Хэйлибери Алматы мектебінде жұмыс істеп, өзінің мектептің даму жолындағы бір бөлігі болуын мақтан тұтады. Эстон мырза мектептен тыс белсенді өмір салтымен айналысады және триатлон мен әр-түрлі марафондарға қатысады.

Британдық бастауыш білім беру жүйесі, чили бұрышы, кілем және ханшайым ойындары туралы Informburo медиа порталында берген Мэттью Эстонның сұхбаты.

Сұхбатты оқыңыз

Қабылдау сыныбы (4-5 жас аралығы)

Қабылдау сыныбының Дайындық бөлімі ағылшын тілін оқыту бағдарламасына негізделеді. Оқу жоспары мақсатты шаралар арқылы баланың білім алуын кеңейту мен тұрақты қолдау көрсету бойынша жан-жақты дамуына баса назар аударады. Оқушы дамуының негізгі бағыттары: жеке, әлеуметтік және эмоционалдық даму, дене шынықтыру, қарым-қатынас және тіл, оқу және жазу негіздері, математика, дүниетану, бейнелеу өнері және дизайн. Осы жаста оқушыларға баланы қызықтыра алатын, жас ерекшеліктеріне сай және психологиялық даму ерекшеліктеріне негізделген қызықты білім беру тәжірибесі ұсынылады. Мұғалімдер мен оқушылардың жақсы қарым-қатынасы әрбір баланың жеке қажеттіліктерін танып білуге мүмкіндік береді және тек қамқорлық пен білім беруді ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілінің деңгейін жақсартуға және мектепке деген сүйіспеншіліктіерін арттыруға жағдай жасайды. Ата-аналар мен мектеп арасындағы жақсы қарым-қатынас басымдық болып табылады, себебі жақсы қарым-қатынас оқушыларды ең жақсы нәтижеге жеткізеді.

Балаңыз үшін Қабылдау сыныбының артықшылықтары

• 8:00-ден 14:00-ге дейінгі оқу күні

• Таңғы ас және түскі үзіліс
• 2 рет ыстық тамақ пен тіске басарлар

• Пән мұғалімдері - музыка, дене шынықтыру, қазақ тілі пәндері
• Ұлыбританияда тәжірибесі бар мұғалім және педагогикалық білімі бар мұғалімнің үш көмекшісі
• Сыныптағы оқушылардың ең көп саны - 20 бала
• Баланы жан-жақты дамыту
• Ағылшын тілінде сөйлейтін орта және тілдік қолдау
• Баланың толық дамуына бағытталған оқу жоспары

• Жалпы білім беру жүйесі – Үй (хаус) жүйесі мен ынталандыру жүйесі
• Мектеп іші іс-шаралары
• Оқушылардың ілгерілеуін мұқият бақылау
• Сіздің балаңызды Хэйлиберидің үздік дәстүрлеріне үйрету. Балаларына қолдау көрсету жолдарын үйрететін ата-аналарға арналған семинарлар
• Бірегей мектеп күнтізбесі

Key Stage 1 (Негізгі кезең 1) (5-7 жас аралығы)

Key Stage 1 оқу бағдарламасы біздің жас оқушыларымызды дамытуға және олардың ағылшын, математика және басқа да пәндердің алуан түрлілігін меңгерудегі негізгі дағдыларын тез дамытуға көмектеседі. Key Stage 1-де біз ата-аналармен бірге балалардың өзіндік сенімділік пен жауапкершілік дағдыларын қалыптастырып, одан әрі дамытуларына көмектесу үшін жұмыс жасаймыз. Key Stage 1-дегі балалар әр түрлі музыкалық аспаптарды қалай ойнауды үйренуге мүмкіндік алады. Біздің мақсатымыз - балаларды дамыту және тәрбиелеу, балалардың 1-ші және одан кейінгі кезеңдерде жылдан-жылға өсіп отыратын білімге деген сүйіспеншіліктерін ынталандыру. Haileybury Almaty мектебінің әр оқушысы дене шынықтыру, жүзу, музыка, қазақ тілі, орыс немесе қытай тілдері мен драма пәндері мұғалімдерінің көмегімен өз әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін бай, кең және теңдестірілген оқу бағдарламасын меңгереді.

Key Stage 2 (Негізгі кезең 2) (7-11 жас аралығы)

Key Stage 2-де біз оқушылардың Key Stage 1-де жинақтаған тәжірибелерін одан әрі дамытуға және оларды Key Stage 3 сыныптарында білім алуға даярлауға тырысамыз. Осы кезеңде оқушылардың өз бетінше ізденіп, білім алуына көп көңіл бөлінеді және оқушылардың білімі мен мінез-құлқы үшін өздерінің жауапты болуларын сезіну үшін көмек көрсетіледі.

Бұл жол қызықты да қолайлы оқу ортасында білім алу 3-сыныптан басталып, 6-шы сыныпқа дейін жалғасады.
Haileybury Almaty мектебінің әр оқушысы дене шынықтыру, жүзу, музыка, қазақ тілі, орыс немесе қытай тілдері мен драма пәндері мұғалімдерінің көмегімен өз әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін бай, кең және теңдестірілген оқу бағдарламасын меңгереді.

Студенттер қабылдау бөлімімен хабарласыңыз:

Haileybury Almaty мектебіне түсу туралы сұрақтарыңызға қуана жауап беруге дайынбыз. 

Haileybury Almaty мектебіне кездесуге келіңіз

Меруерт Аскатова, Менеджер по приему учащихся

Меруерт Аскатова

Менеджер по приему учащихся
+7 (727) 355 09 88 +7 (727) 355 01 00 (вн. 226)

22 Aug. День Знаний

Уважаемые родители, Мы рады пригласить вас в школу на церемонию «День Знаний», которая пройдет в четверг, 22 августа. День Знаний – это традиционное открытие нового учебного года и важный день для каждого из членов нашего школьного сообщества. После церемонии мы приглашаем новых родителей присоединиться на чашечку кофе. ⠀ А в пятницу, 23 августа начнётся учебный день И школа откроет свои двери в 07:30

Предстоящие события

22 Aug. День Знаний

Уважаемые родители, Мы рады пригласить вас в школу на церемонию «День Знаний», которая пройдет в четверг, 22 августа. День Знаний – это традиционное открытие нового учебного года и важный день для каждого из членов нашего школьного сообщества. После церемонии мы приглашаем новых родителей присоединиться на чашечку кофе. ⠀ А в пятницу, 23 августа начнётся учебный день И школа откроет свои двери в 07:30

Недавние фотографии

British independent school in Haileybury Almaty
British independent school in Haileybury Almaty
British independent school in Haileybury Almaty
British independent school in Haileybury Almaty
British independent school in Haileybury Almaty
British independent school in Haileybury Almaty
Поступить сейчас

Оставьте ваш контактный e-mail и мы отправим вам все необходимые документы и требования для поступления вашего ребенка

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ