Балкандағы табыс

Юрий Т., біздің оқушымыз, Қазақстанның ұлттық құрамасы мүшесі ретінде 2019 жылдың 20-25 маусым аралығында Агрос қаласында (Кипр Республикасы) өткен 23-ші Жасөспірімдер арасындағы Балкан математикалық олимпиадасына (JBMO-2019) қатысты.

 Бұл халықаралық жарысқа әлемнің 16 елінен 97 оқушы қатысты. Жалпы олимпиадада 17 команда (Кипр Республикасы олимпиада ұйымдастырушысы болғандықтан 2 команда шығара алды).

 Бұл командалардың 10-ы Балкан түбегінен (Болгария, Кипр, Греция, Молдова, Черногория, Солтүстік Македония, Сербия, Босния және Герцеговина, Албания, Румыния) және 7 команда қонақ елдерден (Қазақстан, Кипр, Әзірбайжан, Сауд Арабия, Хорватия, Франция, Эквадор) келді.

Жеке жарыста Юрий жоғары нәтиже көрсетіп, алтын медальмен марапатталды. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы Жасөспірімдер арасындағы Балкан математикалық олимпиадасында 179 ұпай жинап, екінші орынды иеленіп, бұл жарысқа қатысу тарихындағы ең жоғары нәтижені көрсетті. Біздің оқушыларымыз тек Румыния командасына ұтылды (1 орын). Олимпиада қорытындысы бойынша біздің команда қоржыны 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медалімен толтырылды.

 Юрийді осындай маңызды жеңісімен құттықтаймыз және математика саласында жаңа биіктерді жеңіп алуды тілейміз!

British independent school in Haileybury Almaty

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ