Haileybury Almaty and Special Olympics Kazakhstan

Haileybury Almaty 10 жыл бойы Special Olympics Kazakhstan қозғалысымен бірге қызмет істеп, 8 жастан үлкен ақыл-ойы шектеулі балаларға арналған олимпиадалық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастыру және өткізуге көмектесіп келе жатыр. Жыл сайын маусым айының соңында мектеп спортшыларды спорт жабдықтарымен тегін қамтамасыз етіп, балаларға физикалық даму, қуанышты сезіну, басқа спортшылармен және қоғаммен достасуға мүмкіндік береді. Мектеп қызметкерлері мен жоғарғы сынып оқушылары еріктілер ретінде лагерь жұмысына қатысады.

 

Жаз мезгілінде орташа есеппен 50 спортшы спорттық лагерьге қатысады. Олардың кейбіреулері өз отбасыларымен тұрады, ал кейбірі қалалық интернаттардан, сондай-ақ психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балаларға арналған орталықтар, мүгедектерге арналған оңалту орталығы мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған облыстық орталықтардан келеді.

British independent school in Haileybury Almaty
British independent school in Haileybury Almaty

Special Olympics халықаралық ұйымының басты мақсаты – ақыл-ойы шектеулі адамдарға қоғамның толыққанды мүшесі болуға, қоғамдық өмірде белсенді қатысуға, олардың талантын елге таныту үшін әділ мүмкіндіктер беріп, спорт арқылы көрсету және олардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктері туралы қоғамға ақпарат беру  көмектесу.

 Қазақстанда Special Olympics қозғалысы 1990 жылы құрылған, Special Olympics Incю (SOI) халықаралық ұйымы аккредитациясын өткен және Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетімен мойындалған. 1993 жылдан бері Еуропалық-Еуразиялық аймақтың 58 елінің бір бөлігі болып табылады. Ол ең үлкен, ең тұрақты және табысты дамып келе жатқан Special Olympics бағдарламасы болып табылады.

 Қазақстандық Special Olympics қозғалысы 25 жазғы және қысқы спорт түрлерінде шамамен 20 500 спортшыны, балалар үйі және интернат тәрбиеленушілерін, үйдегі балалар мен ақыл-ойы шектеулі ересектерді қамтиды. Олар жергілікті деңгейде, Қазақстанның арнайы олимпиадасында белсенді түрде қатысады, ал Қазақстан құрамалары медальдарға ие болады және халықаралық қоғамдастықта елдің беделін нығайтады.

 Спорт күшінің арқасында интеллектуалдық мүмкіндіктері шектеулі адамдар өздерінің жаңа күштерін, қабілеттерін және мүмкіндіктерін табады және табысқа жетеді. Біздің спортшыларымыз оптимизмге толы және спорттық салада да, күнделікті өмірде де өздеріне және өз қабілеттеріне сенімі мол. Олар сондай-ақ басқа адамдар мен қоғамды адам таланттарын және мүмкіндіктерін толық қабылдау үшін жүректерін ашуға шабыттандырады.

British independent school in Haileybury Almaty
British independent school in Haileybury Almaty

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ