Неліктен Haileybury мектебін таңдаған дұрыс?

Біз ұл балалар мен қыз балаларды әлем азаматтары ретінде өздерінің алғашқы таңдаған жоғарғы оқу орнына түсуге дайындаймыз. Осындай жетістікке қол жеткізе отырып, оқушыларға қолдау көрсететін және қамқорлық ететін ортада сабақтан тыс іс-шаралардың кең ауқымын ұсына отырып академиялық жетістіктерге жетуге, көшбасшылық және командалық дағдыларын дамытуға қол жеткізу мүмкіндігін ашамыз. Бұл жеке тұлғаны дамытуға, еңбекқорлыққа үйретуге, өз-өзіне сенімді болуға, мықты әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларға ие болуға ықпал етеді.

Әлемдегі ең беделді және құрметті білім беру мекемелеріне қол жеткізу

A'level бағдарламасы екі жылдық білім беру бағдарламасы болып табылады. Бағдарлама соңында оқушылар тиісті емтихандар тапсырады. Haileybury мектебінде оқушылар әлемдегі үздік жоғарғы оқу орнына түсуге мүмкіндік беретін үш, кейде төрт пән таңдап оқиды. A'level емтихандарында оқушылардың білімі А*-дан бастап Е-ға дейінгі көрсеткішпен бағаланады.
A'level және IB - бүкіл әлемде танымал және құрметті ең жақсы біліктіліктер болып табылады. Бұл үздік университеттерге «паспорт» ретінде де бағаланады.
A'level бағдарламасы бойынша білім алған Haileybury Almaty мектебінің төрт түлегі әлемдегі ең үздік он жоғарғы оқу орнындарының бірі болып табылатын UCL университетінде оқып жатыр.
Басқа Haileybury студенттері Кембридж университетінде, LSE және Империал колледжінде оқып жатыр.
Осы оқу жылы мектебіміздің алтыншы сынып оқушылары Гарвард колледжі, MIT және Кембридж университеті сияқты беделді университеттерге құжаттарын тапсыруда.

Қазақстаннан шетелге шықпай-ақ Британдық білім алудың артықшылықтары!
Haileybury Almaty және Haileybury Astana мектептері оқушыларды SAT емтихандарына дайындайды.

Жоғары білікті британдық мұғалімдер

Біздің оқытушыларымыз - ағылшын тілін еркін меңгерген жоғары білікті мамандар. Олардың көпшілігі Ұлыбританияда білім алып, британдық мектептерде тәжірибе жинақтаған, көпшілігінің шетелде сабақ жүргізу тәжірибесі мол. Біздің мектептерімізде балалардың құқықтарын қорғауға үлкен көңіл бөлінеді, сондықтан әрбір Haileybury қызметкері балалармен жұмыс істеу құқығын алғанға дейін мұқият тексеріледі.

Haileybury Қазақстан мектептерімен бірге балаңыз әлемдік деңгейдегі британдық тұтастық тәсілімен білім алады

Haileybury Алматы мектебінде сіздің балаңыз британдық жүйе негізінде үздік тәжірибені пайдалана отырып, әлемдік деңгейдегі білім алады. Ең бастысы олар ғаламдық ортада болашақта табысқа қажетті дағдыларын дамытады. Барлық оқушылар өздерінің жан-жақты білім алу дағдыларын, көшбасшылық дағдыларын, сөйлеуге деген сенімділіктерін, проблемаларды шешу және өз бетінше білім алу жолдарын толықтыруға бағытталған әртүрлі сыныптан тыс іс-шараларға қатысады. Жоғарыда айтылған түлектердің шыңдаған біліктіліктері пен меңгерген қабілеттерін жұмыс берушілер мен жоғары оқу орындары да жоғары бағалайды. Біздің мақсатымыз әр оқушының білім беру әлеуетін ашу болып табылады.

Балаларға білімін кеңейтуге және әртараптандыруға мүмкіндік беретін керемет білім ортасы

Haileybury Алматы мектебі Есентай өзенінің жағалауындағы көркем саябақ аймағында Тянь-Шань тауларының көрінісі ерекше көзге түсетін жерде және де «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплині кешенінің жанында орналасқан. Haileybury мектебінің оқушыларына мектеп алаңдарында керемет ғимараттар мен Шымбұлақтағы тау шаңғысы курортында шаңғы тебу мүмкіндігі ұсынылған.

Отзывы

British independent school in Haileybury Almaty

Мадина Мухамеджанова

Самое дорогое для родителей и самое приятное, что можно было услышать, это когда ребенок говорит, что ей нравится ходить в школу, что ей нравится получать образование, что ей все интересно, чтто она узнала очень много всего нового, и даже вот сегодня на Parents Day, когда мы встречались с преподавателями, каждый преподаватель старается заострить свое внимание на позитивных моментах, не уходя в критику, то есть все преподаватели стараются сконцентрироваться на том, что у ребенка получается хорошо, и это тоже радует, потому что действительно, мы, как родители, наверное можем единственное что сделать, это найти те сильные стороны которые есть у наших детей и пытаться их развивать и дать им выход, и в этом мне кажется школа дает огромную поддержку, потому что она действительно советует и замечает именно то, в чем ребенок хорош, что ему действительно интересно.
Поступить сейчас

Оставьте ваш контактный e-mail и мы отправим вам все необходимые документы и требования для поступления вашего ребенка

Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ