Ағылшын тілі Академиясы

British independent school in Haileybury Astana

Қазақстанның елордасында орналасқан Haileybury Астана мектебіндегі Ағылшын тілі Академиясына қош келдіңіз. Бұл мектебіміздегі тың бастама, бұл бастамамыз оқушыларға ағылшын тілімен белсенді айналысып, өздерінің тілді меңгеру дәрежелерін арттырып, деңгейлерін көтеруге арналған. Бастаманың мақсаты – мектептегі сабақтарға қысқа мерзім ішінде белсенді дайындалу. Ағылшын тілі Академиясы мұнда білім алатын оқушыларға мектеп қауымдастығының толыққанды мүшесі болуға толық құқық береді, сонымен қатар бұл оқушылар да өзге білім алушылар секілді мектеп өміріне белсенді араласып, жеке оқыту бағдарламасының артықшылықтарын сезінеді.

Білім беру

Мектеп мұғалімдері оқушыларға ағылшын тілін қысқа мерзім ішінде тезірек меңгеріп, өз деңгейлерін арттыруға, түрлі тілдік дағдыларын дамыта түсуге, мектеп өміріне араласып кетуге көмектеседі. Оқушылар британдық білім бағдарламасымен кезең-кезеңімен танысады, Haileybury Астана мектебіндегі немесе Haileybury Алматы мектебіндегі білім бағдарламасы толығымен бір жүйеде жасалғандықтан, екі мектепке бейімделу үдерісі оқушы үшін жеңілірек болмақ.  Бұған қосымша, Ағылшын тілі Академиясында қосымша көмек әрі білім алатын әрбір оқушыға Академия мұғалімдері сыныптағы сабақ үдерісінде де демеушілік көрсетеді, үй тапсырмасын орындауда түсініксіз тақырыптарды қайталап, жақсы деңгейде жасауға көмектеседі, оқушының өз бетімен жасауға қабілеті мен деңгейі жеткенге дейін олар осы Академияның жауапкершілігінде болады.

Оқуға қабылдану

Академияға қабылданар кезде оқушылар ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайтын арнайы сынақ тапсырады. Бұл сынақ оқушының жеке қажеттіліктерін, анықтауға жәрдемдеседі, сонымен қатар оның жас ерекшелігіне сай сыныпқа орналастыру мәселесі де осы сынақ арқылы шешіледі.оқушылардың өздеріне деген сенімділіктерін арттыру үшін, сондай-ақ сабақ процесіне ену үшін жұппен жұмыс істеу тәсілі қолданылады. Сонымен бірге оқушылар кері байлаынс жасай отырып білім алу бағдарламасымен де таныса алады.  Haileybury Астана мектебіндегі немесе Haileybury Алматы мектебіндегі түрлі, жан-жақты әрі қызықты білім бағдарламасы оқушылардың сабақтан тыс үйірмелер мен іс-шараларға қатысуына жағдай жасайды, ынталандырады.

Топтар мен сыныптағы оқушы саны

Haileybury Астана мектебіндегі Ағылшын тілі Академиясы Бастауыш деңгейдің 2 сатысы мен Орта 3 деңгей оқушыларына арналған. Шағын санды топтарда жұмыс істеу оқушыларға  біріге жұмыс істеу, академиялық білім деңгейін көтеру және жеке сабақтар өткізу мүмкіндіктерін береді. Академиядағы сабақтарды Ағылшын тілі қосымша тіл ретінде департаменті мұғалімдері жүргізеді, сабақ өткізілетін сынып бөлмелері қазіргі заманға сай заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген, оқушының өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері толығымен қарастырылған. Аталған департамент мұғалімдері сабақтардың мейлінше оқушыға түсінікті, қызықты әрі пайдалы болуына бар күштерін салады.

Курс және технологиялар бағдарламасы

Haileybury Астана мектебіндегі Ағылшын тілі Академиясы әрбір оқушының мүмкіншілігі, академиялық үлгерімі мен жеке қажеттіліктерін ескере отырып жасалған білім беру бағдарламасымен жұмыс істейді. Академия теңгерімді білім беру бағдарламасын ұсынады, бағдарлама мазмұнында білім берудің дәстүрлі әдіс-тәсілдері мен қазіргі заман талаптарына сай келетін технологиялар, жеке бастыңдамуына көңіл бөлетін жақтары жан-жақты қарастырылып кіріктірілген. Соынмен қатар оқушының дербес жұмыс жасауға ұмтылуы ерекше марапатталады.

Келесі қадам

Академияда қосымша білім алған оқушылардың ағылшын тілін білу деңгейі жоғарылап, өзге оқушылармен ортақ сыныпта сабақ өтуге дайын болған сәтінде олардың негізгі сынып аудиторясына ауысуына көмек беріледі. Әрбір оқушының негізгі сынып аудиториясына ауысуы оның жеке басының ерекшеліктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады. Бұл әрекет оның ағылшын тілінде сабақтарды толық ала алуына кепілі болуы керек.

Haileybury Астана мектебіндегі Ағылшын тілі Академиясы туралы толығырақ ақпарат алғыңыз келсе, мектептің оқушыларды қабылдау бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз.

Анастасия Невенчанная, Маркетинг және Қоғамдық Қатынастар директоры

Анастасия Невенчанная

Маркетинг және Қоғамдық Қатынастар директоры
T +7 (727) 3550100 (ext. 257)
Айгерим Амиржанова, Координатор отдела по приему учащихся

Айгерим Амиржанова

Координатор отдела по приему учащихся
+7 (7172) 55 98 55 (ext. 122)



Why speaking English is so important?

Headmaster Jonathan Ullmer MBE explains how pupils learn English at Haileybury Astana.

Соңғы суреттер

British independent school in Haileybury Astana
British independent school in Haileybury Astana
Поступить сейчас

Оставьте ваш контактный e-mail и мы отправим вам все необходимые документы и требования для поступления вашего ребенка

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ