Бастауыш мектеп (5-10 жас аралығы)

British independent school in Haileybury Astana

Haileybury Астана мектебінің бұл жастағы оқушылары балабақшада алған білімдеріне сүйене отырып, өздерінің әлеуметтік, есептеу және қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыта түседі, ойын элементтері мен мультисенсорлық сабақтар басты назарда болады. Математика сабағында біз оқушылармен сандардың таңбасы мен мағынасына, оларды есептеуге, сонымен қатар бұл кезеңде, әсіресе, зерттеу мен практикалық жұмыстарға көбірек көңіл бөлінеді. Баланың дайындық деңгейіне байланысты оқушылар жалпыға мәлім математикалық ережелермен танысып, сандарды қосу, алу, көбейту және бөлу секілді төрт амалмен таныса бастайды.

Haileybury Астана мектебінің  Бастауыш деңгей оқушылары  өзін қоршаған әлем туралы, балаларға арналған көптеген тақырыптармен, оның ішінде ғылым, тарих және география пәндерінен хабар беретін мәліметтермен танысады. Haileybury Астана мектебінде біз әрбір оқушыға өзінің күш-әлеуеті мен білімін дамытып, жетілдіре түсуіне мүмкіндік береміз, жағдай тудырамыз. Сол себепті біздің мектебіміз ұсынатын білім бағдарламасы жан-жақты мәселелерді ескере отырып жасалынған, білім беру бағдарламасы төмендегідей пәндерді қамтиды: дене шынықтыру, жүзу, музыка, қазақ тілі, театр өнері және би өнері.

Бастауыш деңгейдің 2 кезеңінде әрбір оқушының жеке басына, өзін-өзі дамыту жұмыстарына баса назар аударылады, сонымен қатар өзінің іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға, академиялық үлгерімін қадағалау секілді жауапты істерге баулу әрекеттері жүзеге асырылады. Бұд деңгейде оқушыдан өзіне көңіл аударып, өз іс-әрекеттерін қадағалап, сынып және үй тапсырмаларына көңіл аударуы күтіледі.

Haileybury Астана мектебінің Бастауыш деңгейі 2 кезеңіндегі әрбір оқушы өзіне берілген және үйретілген әрбір дағдыларды дамыта түсуді, білімдерін тереңдете түсуді және қоршаған орта туралы білімдері мен көзқарастарын кеңейте түсуді, тарих және география пәндері бойынша қызығушылықтарын арттыруға арналған сұрақтарды қарастырып зерттеу жүргізуді, сонымен қатар сауаттылығын арттыру істерін жалғастырады.

Haileybury Астана мектебінде біз әрбір оқушының өз күш-әлеуетін дамытуына кең ауқымды білім беру бағдарламасын ұсына отырып мүмкіндіктер береміз. Ұсынылған білім бағдарламасына төмендегідей пәндер енеді: дене шынықтыру, жүзу, музыка, қазақ тілі, орыс тілі, испан тілі, театр өнері және би өнері, сурет сабағы және дизайн технолгиясы.

Джейн Найт, Haileybury Астана мектебіндегі бастауыш мектеп басшысы

Джейн Найт

Haileybury Астана мектебіндегі бастауыш мектеп басшысы
Джейн Найт – бастауыш мектептің тәжірибелі маманы, 13 жылдан астам еңбек жолында басшылық қызмет атқара жүріп, барлық оқушылардың білім деңгейін көтеру істерін жоғары сапамен қамтамасыз етіп келеді. Haileybury Астанадағы өз жұмысын 2016 жылы бастамас бұрын Дубайдағы SAFA халықаралық мектебінің директоры қызметін атқарған. Оның пікірінше, мектеп мәдениеті мен қалыптасқан салт-дәстүрлері уақыт ағымындағы мектептің дамуымен, сонымен қатар білім беру бағдарламасымен және білім берудің әдіс-тәсілдерімен, әрбір оқушының жеке табысы мен жалпы мектептің жетістіктерімен тікелей байланысты.

Оқушыларды қабылдау бөлімімен хабарласыңыз:

Haileybury Астана мектебіне қабылдану туралы сіздің кез келген сұрағыңызға жауап береміз.

 

Жеке кездесу уақытын белгілеңіз.

 
Айгерим Амиржанова, Координатор отдела по приему учащихся

Айгерим Амиржанова

Координатор отдела по приему учащихся
+7 (7172) 55 98 55 (ext. 122)


Айгерим Амиржанова, Координатор отдела по приему учащихся

Айгерим Амиржанова

Координатор отдела по приему учащихся
+7 (7172) 55 98 55 (ext. 122)



Соңғы суреттер

British independent school in Haileybury Astana
British independent school in Haileybury Astana
British independent school in Haileybury Astana
British independent school in Haileybury Astana
Поступить сейчас

Оставьте ваш контактный e-mail и мы отправим вам все необходимые документы и требования для поступления вашего ребенка

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ