Haileybury Астана мектебі IB Diploma (Халықаралық Бакалавриат) бағдарламасын ұсынады, осының нәтижесінде жоғары сынып оқушылары Ұлыбритания, АҚШ және өзге де әлемнің атақты әрі үздік білім ордаларында білім алуға бірегей мүмкіндіктерге ие болады.

Мектебіміздің тәжірибелі, кәсіби білікті мамандары оқушыларға білім алудың барлық үдерісінде демеу көрсете отырып, олардың әлемдік көшбасшы болуларына көмектеседі. Мектеп қабырғасындағы барлық сабақтарды британдық ұстаздар ағылшын тілінде жүргізеді, 150 жылдық тәжірибесі бар мектебіміз жоғары сапалы Халықаралық Бакалавриат бағдарламасын ұсына алады.

Haileybury – дүние жүзі бойынша әлемдік көшбасшыларын даярлайтын үздік британдық мектептердің бірі. Әлемнің алдыңғы қатарлы, ең үздік университет өкілдері мектепке жиі келеді, сол себепті мектеп оқушыларының университет өкілдерімен қарым-қатынас жасай отырып, өздерін қызықтырған жоғары оқу орны туралы толық мәлімет алу мүмкіндігі жоғары. Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы мектеп оқушыларына тек шетелдік жоғары оқу орындарына ғана емес, сонымен қатар қазақстандық білім беру ордаларына да түсуге де бағыт-бағдар береді, біз оқушыларға түрлі бағыттағы қолжетімді нұсқаларды қарастыра отырып, нақты көмек беруге тырысамыз.

Мектеп ақысын төлей алмайтын, мүмкіндігі шектеулі қазақстандық ең үздік оқушылар үшін мектеп тарапынан тегін оқу мүмкіндігін, яғни шектеулі шәкіртақы санын ұсынамыз.
Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алу екі жылға созылады, бұл бағдарлама Ұлыбританияның барлық білім беру орындарында және халықаралық деңгейдегі университеттерде жоғары бағаланады, сонымен қатар американдық оқу орындарына өтініш білдіру кезінде де артықшылықтарға ие болады.

Жасы 16-ға жеткен мектеп оқушысы Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алуға құқылы, бағдарлама студенті атанғаннан кейін мектеп мұғалімдері оқу мерзімі біткенге дейін дұрыс бағыт-бағдар сілтеп, білім алудың әр деңгейде қажетті көмекті көрсетіп отырады.

British independent school in Haileybury Astana
British independent school in Haileybury Astana

Білім гранты келесі шығындарды қамтиды:

1. Оқу құны;

2. Жеке оқу-әдістемелік материалдардың бағасы;

3. Халықаралық емтихандар бағасы

*Шәкіртақы алудың шарттары: үміткер Қазақстан Республикасының азаматы және Халықаралық Бакалавриат бағдарламасын бастағанға дейін 16 жасқа болуы тиіс.

 

Конкурсқа қатысу үшін:

• Анкета толтырып жіберу;
• Құжаттарды тапсыру;
• Ағылшын тілі, математика және таңдалған пән бойынша кіріспе сынағын тапсыру.

 

Haileybury Astana STEM Olympiad 2018

Анастасия Невенчанная, Маркетинг және Қоғамдық Қатынастар директоры

Анастасия Невенчанная

Маркетинг және Қоғамдық Қатынастар директоры
T +7 (727) 3550100 (ext. 257)
Айгерим Амиржанова, Координатор отдела по приему учащихся

Айгерим Амиржанова

Координатор отдела по приему учащихся
+7 (7172) 55 98 55 (ext. 122)



Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ