Мектеп басшылығымен таныс болыңыз

Марк Смит, Haileybury Astana мектебінің директоры

Марк Смит

Haileybury Astana мектебінің директоры
Англияның Ланкастер университетінде экономика курсын аяқтаған соң, Марк 30 жылдан аса Англияның ең үздік тәуелсіз мектептерінде сабақ берді.

Heath Mount (Haileybury UK мектебіне даярлау мектебі) мектебінде қысқа мерзімдік жұмысын тәмамдаған соң, Millfield мектебінде экономика мен кәсіпкерлік пәндері бойынша сабақ беріп, сол мектептегі Үй басшысы және жыл факультетінің басшысы болды.

Содан кейін ол Caldicott (Eton колледжіне даярлайтын негізгі мектептердің бірі) мектебінің директорының орынбасары қызметін атқарды, сосын Northcote Lodge (Ұлыбританияның ең үздік мектептеріне түсуге даярлаушы мектеп, оның ішінде Eton колледжі мен Harrow мектебі) мектебінің директоры болып тағайындалды.

Ол тәуелсіз мектептер инспекторы және Катар, Қытай және Малайзияның халықаралық мектептерінің кеңесшісі қызметін атқарған.

Марк үшін балаларға білім беру мәселесі өте маңызды және ол музыка, театр өнері, бейнелеу өнері мен спорттың білім беру бағдарламасында жеткілікті болуын қолдайды. Сонымен қатар ол түрлі спорт түрлеріне жоғары деңгейде жаттықтырумен де айналысқан.

Байланыс:
T +7 (7172) 55 98 55
Хаттар үшін: Head@haileyburyastana.kz
Ким Холмс, Директордың орынбасары

Ким Холмс

Директордың орынбасары
Ким Холмс Ұлыбритания, Оксфорд қаласының тумасы, оның 3 бірдей университетті бітіргендінің өзі Кимнің тәжірибелі, білімді маман екендігін көрсетеді. Кимнің алғашқы ғылыми дәрежесі – басқару істері және спорт бойынша бакалавр дәрежесі; бұл дәрежесін Англияда орналасқан Лафборо спорт университетінен алған. Мұнымен қатар Кимнің Эксетер Университетінде оқып бітірген жоғары білімнен кейінгі педагогикалық білім дәрежесін беретін дипломы және Ұлыбританияның Бирменгем университетінен алған білім беру жүйесіндегі басқару ісі бойынша магистр ғылыми дәрежесі де бар. Ким педагогикалық колледжде директорларға арналған курсты тәмамдаған. Оның еңбек жолы Африка, Мексикада басталып, қазіргі таңда Қазақстанда жалғасын табуда.
Ол әлемнің ең үздік халықаралық мектептерінде 20 жылға жуық басқарушылық қызметтерді атқарып келеді, дәл қазіргі уақытта біздің мектебіміздің директорының орынбасары қызметінде жүргенін мақтан етеді.

Байланыс:
T +7 (7172) 55 98 55
k.holmes@haileyburyastana.kz
Джорджиос Месазос, Оқу-істерінің меңгерушісі

Джорджиос Месазос

Оқу-істерінің меңгерушісі
Джорджиостың туған жері - Корфу, ол неміс тілі және әдебиеті педагогика ғылымдарының бакалавры дәрежесіне Аристотель Университетінде білім ала отырып қол жеткізген. Осы білім ордасынан Магистр ғылыми дәрежесін де иемденіп шығады. Афина Университетінен мультимәдени және білім беру практикасын басқару бойынша арнайы Дипломмен марапатталған. Джорджиос Haileybury Астана мектебіндегі өз еңбек жолын 2017 жылдың тамыз айынан бастады, біздің мектебімізге келмес бұрын Дубай мектебінің оқу-істері департаментінің деканы қызметін атқарған. Джорджиос мектебіміздің оқушыларымен, ата-аналарымен және әріптестерімен бірлесе отырып, білім беру ісін жақсарту мақсатында жұмыс істеуге асық.

Байланыс:
T +7 (7172) 55 98 55
G.Mesazos@haileyburyastana.kz
Джейн Найт, Haileybury Астана мектебіндегі бастауыш мектеп басшысы

Джейн Найт

Haileybury Астана мектебіндегі бастауыш мектеп басшысы
Джейн Найт – бастауыш мектептің тәжірибелі маманы, 13 жылдан астам еңбек жолында басшылық қызмет атқара жүріп, барлық оқушылардың білім деңгейін көтеру істерін жоғары сапамен қамтамасыз етіп келеді. Haileybury Астанадағы өз жұмысын 2016 жылы бастамас бұрын Дубайдағы SAFA халықаралық мектебінің директоры қызметін атқарған. Оның пікірінше, мектеп мәдениеті мен қалыптасқан салт-дәстүрлері уақыт ағымындағы мектептің дамуымен, сонымен қатар білім беру бағдарламасымен және білім берудің әдіс-тәсілдерімен, әрбір оқушының жеке табысы мен жалпы мектептің жетістіктерімен тікелей байланысты.

Байланыс:
T +7 (7172) 55 98 55 (ext. 316)
J.Knight@haileyburyastana.kz
Айжан Байжанова, Қаржы директоры

Айжан Байжанова

Қаржы директоры
Айжан Алматы қаласында орналасқан Алматы Экономика жəне Статистика Академиясын аяқтаған. Ол өзінің еңбек жолын халықаралық энергетикалық компаниясында менеджер ретінде бастаған. Қаржылық бақылауды басқару Басшысы ретінде 19 жылдық еңбек өтілі,яғни тəжірибесі бар. Haileybury Astana мектебі акционерлерінің құрамына мектептің қаржылық сұрақтары мен мəселелері, мектептің құрылысы мен инфрақұрылымын жақсартуға қатысты сұрақтарды шешуге атсалысу мақсатында енген. Айжан меетептің заңнамалық жəне логистикалық,қаржылық сұрақтарын нақты уақытында оңтайлы шешуге тырысады.

Байланыс:
T +7 (7172) 55 98 55
A.Baizhanova@haileyburyastana.kz
Аскар Имамутдинов, Әкімшілік  Директор

Аскар Имамутдинов

Әкімшілік Директор
Аскар 20 жылдан астам жергілікті және халықаралық компанияларда әкімшілік шаруаларды басқару аясында еңбек етіп келеді. Ол Haileybury Астана ұжымына 2013 жылдан бастап қосылды және қазіргі таңда мектеп территориясы мен ғимаратын жақсарту және жөндеу жұмыстарымен айналысуда, атап айтқанда, ғимараттағы барлық жүйелердің толық техникалық жақтан ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді бақылау істерімен, өрт дабылы, сумен жабдықтау және су құбырлары, жылу жүйелері мен желдендіру, суғару жұмыстарының үздіксіз қызмет етуін бақылайды.

Байланыс:
T +7 (7172) 55 98 55
A.Imamutdinov@haileyburyastana.kz
Анастасия Невенчанная, Маркетинг және Қоғамдық Қатынастар директоры

Анастасия Невенчанная

Маркетинг және Қоғамдық Қатынастар директоры
Анастасия Сулейман Демирель (SDU) университетінің халықаралық экономика бакалавры және Қазақстандық менеджмент және экономика институтының (КИМЭП) атқарушы магистрі дәрежесінің иегреі.
Анастасия Haileybury Almaty және Haileybury Astana мектептерінің маркетингтік коммуникациялар және қоғамдық қатынастар саласындағы барлық маркетингтік стратегияларды жоспарлауға, әзірлеуге және іске асыруға жауапты. Анастасия «PRшы» PR-клубының мүшесі. 2013-2014 жылдары KazNet сайттарының байқауы AWARD.KZ ұлттық интернет-сыйлығының қазылар алқасының мүшесі болған. 2015 жылы Анастасия Қазақстандағы ресми «Ақ-Мерген» PR-жобалар байқауында «Үздік іскерлік коммуникациялар» басты жүлдеге ие болды.

Байланыс:
T +7 (727) 355 01 00 ext. 257
a.nevenchannaya@haileyburyastana.kz

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ