Пол Роу, Кәсіби біліктілігі: Ba (Hons) English, PGCE, MA Media Studies, MA Teaching and Learning Білім беру өтілі: 11 жыл

Пол Роу

Кәсіби біліктілігі: Ba (Hons) English, PGCE, MA Media Studies, MA Teaching and Learning Білім беру өтілі: 11 жыл
Біз Haileybury Астана мектебіндегі Халықаралық бакалавр (ІВ) бағдарламасын білім берудің қазіргі таңдағы ең озық үлгілерінің бірі деп айтқымыз келеді. Халықаралық бакалавриат (IBDP) Диплом бағдарламасы оқушыларды әлемнің түкпір-түкпіріндегі ең үздік, алдыңғы қатарлы білім беру ордаларында мақтанышпен білім алулары үшін меңгерілуге тиісті, ең басты талап болып табылатын теңгерімді, жан-жақты қарастырылған, жетілдірілген кең ауқымды қамти алатын пәндер тізімін ұсына алады.
12-сыныпта сіз өзіңізге қызықты әрі беймәлім болып табылатын түрлі пәндермен танысасыз. Бұл пәндердің әрқайсысы өзінше қызықты, танымды, қиын әрі маңызды болып табылады.

Қандай пәндерді таңдаған дұрыс? Менің Халықаралық бакалавр (ІВ) бағдарламасын таңадағаным қателік болмады ма? Бұл дұрыс таңдау ма? Әлемнің қай білім беру ордасын таңдасам екен? Haileybury Астана мектебінде сіздің бұл сұрақтардың көпшілігінің жауабын қазіргі таңда таба алмайтындығыңызды түсінеміз. Сол себепті де біз – мен және менің командамның мүшелері сіздердің кез келген сұрақтарыңызға жауап беріп, қажетті қолдау көрсетіп, ақыл-кеңес беруге дайын екендігімізді жеткізгім келеді.

Мектеп сайтындағы біздің парақшамыздан, құрметті оқушылар және ата-аналар, Haileybury Астана мектебіндегі Халықаралық бакалавр (ІВ) бағдарламасының өздеріңізге ұсынатын жаңа мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат таба аласыздар. Мен өздеріңізге қажетті мәліметтерді аталған сайттан толығымен таба аласыздар деп үміттенемін. Егер сіздің анықтауды немесе толығырақ ақпарат алуды талап ететін қандай да бір сұрақтарыңыз болса, маған тікелей келулеріңізді сұраймын.

Био

Мен Халықаралық бакалавр (ІВ) бағдарламасы бойынша 7 жыл бойы сабақ беріп келемін, бұл жылдар менің еңбек жолымның ең жемісті әрі табысты жылдары деп сеніммен айта аламын.

Өзім бірлесе еңбек еткен Халықаралық бакалавр (ІВ) бағдарламасы бойынша білім алған оқушылар ең үздік оқушылардың бірі болатын, олардың көпшілігі қолдарына дипломдарын алған соң, әлемдік деңгейдегі түрлі білім беру ордаларында өз білімдерін жалғастыруға аттанды, одан кейін өз кезегімен алған кәсіби мамандықтары бойынша шет елдерде немесе өз Отандарында, туған жерлерінде алдыңғы қатарлы, жоғары табысты, сұранысқа ие мамандар қатарында еңбек етуде.

Өзім мұғалім болғандықтан білім алушы шәкірттерімізге оң ықпал етуге мүмкіншілігім бар. Ересек сыныптар басшысы ретінде Haileybury Астана мектебінің Халықаралық бакалавр (ІВ) бағдарламасы бойынша білім алатын шәкірттермен ынтымақтаса, тығыз байланыста жұмыс істеуге асықпын!   

Халықаралық бакалавр (ІВ) бағдарламасы бойынша білім алу жобасын қаржыландыру

Халықаралық бакалавр (ІВ) бағдарламасына мектебіміз ХБ орталығын дамыту мақсатында Абай оқу сыныбын ашу арқылы қаржыландыру жұмысын жүргізді. Жаңа Халықаралық Бакалавр орталығының құрылысы 2018 жылы аяқталды, бұл орталықта шәкірттер білім алады және бос уақыттарында сабақтарына дайындалып, сонымен қатар бір-бірімен әңгімелесіп, бос уақыттарын да өткізе алады. Бұл орталық бізге академиялық тұтастықты өз бойына біріктіре білген Халықаралық Бакалавр бағдарламасының болашағын, бағыт-бағдарын айқындауға, бірлесе білім алу мүмкіндігінің кең ауқымды мүмкіндіктері мен өзгелерге қызмет етуді дамытудың болашақ жоспарларын жүзеге асыруға өз септігін тигізеді. Білім алу үдерісінде шәкірттер білім алу және зерттеу дағдыларын дамыта отырып, ХХІ ғасырдағы өз жұмыс орнының қандай болатындығын болжай алады, бұл дегеніңіз, алдағы уақытта шәкірттердің білім алу ордаларына, университеттерге түсулеріне, өзге ересек өмірге қадам басу үдерісін жеңілдетеді, сондай-ақ мансаптық өмірлерін бастауға да өз ықпалын тигізеді.

IB Diploma Programme at Haileybury Astana

IB Coordinator Paul Rowe explains what is International Baccalaureate

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ