Халықаралық бакалавр бағдарламасы студентінің келбеті мен білім алу дағдыларын үйрену жолдары

Халықаралық бакалавр бағдарламасы бойынша білім алатын оқушылар әлемдік Халықаралық бакалавр мектептеріне ортақ 10 ерекше белгіге сай болулары тиіс. Халықаралық бакалавр оқушысының келбеті академикалық жетістіктер аясында шектелмей, одан әрі дами түсетін адам мүмкіндігі мен міндеттерінің шектеусіз екендігін сипаттайды.

British independent school in Haileybury Astana

Халықаралық бакалавр студенттері төмендегі қасиеттерге ие болуға ұмтылады:

ІЗДЕНІМПАЗ

Біз оқушылардың ізденімпаздығын, зерттеу дағдыларын өз беттерімен дамыту әрекеттерін құптаймыз. Сондай-ақ білім алуда жеке өз бетіңмен және топпен оқу ерекшеліктерін де жақсы түсінеміз. Біз өмір бойы білім алудан жалықпаймыз, ізденімпаздық біздің ең сүйікті іс-әрекетіміз бен сүйікті ісіміз.

ЗЕРДЕЛІ

Біз бірнеше пәндерді қатар зерттей отырып тұжырымдамалық түсінікті өңдеп, қолданамыз. Сонымен қатар біз өз зерттеу жұмыстарымызда жергілікті және жаһандық мәні мен мағынасы бар сұрақтарды қарастырып, жаңашыл идеялар тудырумен айналысамыз.

ОЙШЫЛ

Біз  сыни ойлау және шығармашылық тұрғыда қарастыру дағдыларын күрделі мәселелерді шешу барысында туындаған сұрақтарды сараптау және жауапты іс-шараларды қабылдау мақсатында қолданамыз. Белгілі бір шешім қабылдауда жалпыға ортақ әдептен озбай, белгілі бір ая тұрғысында қабылдауға тырысамыз.

ТІЛ ТАБЫСҚЫШ

Біз белгілі бір ортада өз ойымызды жеткізіп, пікір алмасуда түрлі әдіс-тәсілдер қолданып, бірден көп шет тілдерінде сенімді түрде жеткізе аламыз. Біз өзге жекелеген адамның немесе қандай да бір топтың айтқан пікірлерін мұқият тыңдап, ынтымақтаса отырып, нәтижелі жұмыс жасаймыз.

ПРИНЦИПШІЛ

Біз өз іс-әрекетімізде өзгелердің құқығын ескере отырып, тек шыншылдық пен әділдікті, адалдық пен тазалықты басшылыққа аламыз. Біз әрдайым өз іс-әрекетімізге және одан туындайтын салдарға зор жауапкершілікпен қараймыз.

АШЫҚ ОЙЛЫ

Біз өз еліміздің, сонымен қатар өзге елдердің де тарихы мен мәдениетін, мәдени құндылықтарын жоғары бағалап, құрмет тұтамыз, мақтан етеміз. Біз жаңа дереккөздер тауып, зерттеулерімізді жаңартуға, тәжірибе аясын кеңейтуге дайынбыз.

 

ҚАМҚОР

Біз әрқашан өзімізді қоршаған ортаға қамқор болып, өзгелерді құрметтеуге тырысамыз. Біз әлемге жаңа, жағымды өзгерістер енгізу үшін қызмет түрлерінің сапасын жақсартамыз, өз өміріміз бен қоршаған ортадағы өзгелердің өмірін жақсартуға, жақсы жаққа өзгерту үшін бар күшімізді саламыз.

ТӘУЕКЕЛШІЛ

Жаңашыл және озық идеяларды тауып, жүзеге асыру мақсатында жеке дербес және ұжымда жұмыс істеуге дайынбыз. Біздің өз мақсаттарымызды жүзеге асыруға қажетті қорларымыз жеткілікті және бізге қарсы келген қиындықтарға мойымай, тәуекелге бара аламыз.

ТЕҢГЕРІМДІ

Біз өміріміздің түрлі салаларының өзара теңгерімде болуының маңыздылығын түсінеміз, мысалы, интеллектуалды, физикалық дайындық пен эмоционалдық жақтардың өзара үйлесімде болуы. Өз-өзімізді жақсы сезіну үшін және өзгелердің де бақуатты өмір сүрулері үшін бұл өте маңызды нәрсе. Біз өзгелермен болатын қарым-қатынастың заңдылықтарын және өзіміз өмір сүретін әлеммен байланыстың болуын жақсы түсінеміз, сондықтан теңгерімнің, үйлесімнің сақталуы да қажет.

ТАЛДАҒЫШ

Біз өзіміздің әлемге қосар үлесіміздің, жаңа идеяларымыздың және тәжірибелеріміздің әлемге әкелер пайдасы мен зиянын талқылап, талдаймыз. Біз өзіміздің басым және әлсіз жақтарымызды өзіміздің жеке басымызды дамыту үшін және білімімізді жетілдіре түсу үшін қолданамыз.

 

Білім алу дағдыларын үйрену жолдары

Haileybury Астана дағдылары Халықаралық бакалавр оқушысының келбетін жасауда, оған қолдау көрсетуде және барлық жастағы білім алушылар үшін қолданылатын білім бағдарламасының негізгі бөлігі болып табылады. Студенттердің бойындағы бұл дағдыларды дамыту жай танымдық бейімділік қана емес, одан да маңызды қасиеттерді бойға сіңірту болып табылады. Бұл сонымен қатар психологиялық және метакогнитивті дағдыларды да дамыту, білім берудің бұл сатысын оқушылар «алған білімдеріне беретін жауаптары ретінде емес, өздері үшін жасап жатқан іс-әрекет деп түсінулері маңызды» (Циммерман 2000: 65).

Ойлау дағдылары

Студенттердің бойындағы ойлау дағдыларын дамыту білім берудегі міндетті нәрсе емес, ол одан да жоғары тұратын ең басты мақсаттардың бірі болып саналады.  

 (Швартц и Перкинс 1989: 5)

Ойлау дағдыларын дамыту Халықаралық бакалавр Дипломы бағдарламасына әсер ететін конструктивті әдістің шешуші ерекшелігі. Бұл тәсіл барысында мұғалім «оқушымен оқу барысында бірлесе отырып үйретеді, оны сыни ойлауға жетелей отырып, білім алудың барлық деңгейінде сараптау мен синтез жасай білуді үйрете отырып , дұрыс бағытқа жетелеп, басқарып отырады» (Briner, 1999: 1). Ойлау сыни ойлау тұрғысы тарапынан және ойлау дағдыларын шығармашылық тұрғыда қолдана отырып мәселелер мен туындаған шешуі қиын да күрделі сұрақтарды шешуде қажетті болып табылатын Халықаралық бакалавр студентінің ең ажырамас және қажетті қасиеттің бірі.

Қарым-қатынас жасау дағдысы

Адамдардың көпшілігі өзгелерді түсіну мақсатында емес, оларға жауап беру мақсатында тыңдайды.

(Стивен Кови, 2004: 239)

Рекрутерлер өздерінің компанияларының болашақ қызметкерлерінен қандай дағдыларды көргісі келетіндері жайлы түрлі жауаптар айтуда, оның ішінде ең басты дағдылардың бірі ретінде қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формасының мәдениетті жасалуы. (сауалнамамен осы жерден танысуға болады: Wagner, 2010). Мектептің соңғы оқу жылдарында мектеп оқушылары бұл аспектіні нақты түсіне білулері қажет әрі аса маңызды, себебі болашақ қызметтік міндеттемелердің көпшілігінде мәдениетті әрі сауатты қарым-қатынас жасау дағдылары үміткерге қойылатын талаптардың бірі болып табылады.

 (Krapels and Davis 2003).

Әлеуметтік дағдылар

Мектепте өзгелермен дұрыс қарым-қатынас жасап, өзін ыңғайлы сезінуі үшін оқушылар тек өз сыныптастармен ғана емес, сонымен қатар мұғалімдермен де жақсы тіл табыса білулері маңызды. Бұл дағдылар қарым-қатынас жасау дағдысымен тығыз байланысты, сондай-ақ Халықаралық бакалавр студентінің келбетінде де бұл дағды ерекше аталып өтіледі, атап айтқанда, қамқорлық таныту, өзгелерге көмектесу (оқушылар өздерінің іс-әрекеттерінің жан-жағындағы адамдарға қалай әсер ететінін біледі).

Өзін-өзі ұйымдастыра білу дағдысы

Бұл категория екі үлкен жеке бөлікке бөлінеді:

1. Ұйымдастырушылық дағды – өз уақытын тиімді әрі ұтымды басқара білу, ұйымдастыра білу, алдына қойған мақсат-міндеттерін жоспарлап, қол жеткізуді дұрыс басқара алу;

2. Эмоционалды дағды - психологиялық жай-күйін қатаң бақылауға алып, басқара алу, өзін-өзі жігерлендіріп, күйзеліске берілмей, қарсы тұра алу, назарын жинақтап, мұқият әрі ұқыпты бола білу.

Ұйымдастырушылық дағды

Түрлі дағдылардың ішіндегі маңыздысы әрі қажеттілерінің бірі ұйымдастырушылық дағды болып табылады, бұл диплом бағдарламасында табысқа жету үшін өте қажет, дәлірек айтқанда, жұмыс уақытын тиімді әрі ұтымды ойластырып, жоспарлай білу өте керек. Орта білім беру ұйымдарымен бірге жоғары оқу орны студенттерінің барлығы дерлік бұл аспекті тұрғысында өздерінің осал тұстарын жақсы біледі, біле тұрғанмен олар ос мәселені шешу үшін көп жағдайда нәтижелі қорғаныс жоспарын білмейді.  (Weissberg et al., 1982).

Эмоционалды дағды

Эмоционалды дағдыларды дамыту өзін-өзі ұйымдастыра білу дағдысымен тікелей байланысты, сондай-ақ бұл осы екінші дағдының ең шешуші бөлігі де болып табылады. Эмоционалды дағдыларын дұрыс дамыту арқылы студенттер өздерінің көңіл-күйлерін бақылап, басқара алады, өздерін жігерлендіріп, туындаған қиындықтар мен мәселелерді шешуде оң нәтижеге қол жеткізе алады. Бұл аспект студенттердің денсаулығы және жайлы өмір сүру аймағымен де тығыз байланысты, дегенмен тарихи тұрғыдан қарасақ «мектеп өмірінің өзге аспектілерінен бөлектеніп қалғандығын» көруге болады. (Konu и Rimpelā, 2002).

Зерттеуші дағдылары

Көптеген студенттер зерттеуді өзге маңызды әдіс-тәсілдердің маңыздылығын ескерместен және дұрыс бағаламаушылықтарынан іздеу терезесіндегі негізгі кілт сөздер тізбесі деп қана түсінеді.

(Николс и Меллингер 2007)

 

Бағдарлама барысында зерттеу дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылады, мысалы, мұны кең көлемді эссе жазу барысында және оған дайындалу үстінде көруге болады.  Кең көлемді эссе Халықаралық бакалавриат Диплом бағдарламасының міндетті бөлігі болып табылады және білім алушының дербес, өз бетінше жасаған зерттеуі нәтижелеріне сүйене отырып жазуға тиісті шығармасы. Кең көлемді эссені жазуға студенттің оқытушысы көмек, бағыт-бағдар беріп отырады. Кең көлемді эссе сараптама жасау, білімді талдау және дамыту тәсілдерін үйреніп-білудің ең ұтымды тәсілі болып табылады. Бұл білім алушыларға кез-келген зерттеу материалын ерекше қызығушылықпен зерттеуге, жоғары оқу орнында өз беттерімен жүргізетін зерттеу жұмыстарына дейінгі тамаша дайындық кезеңі деуге болады. жоғары оқу орындарында студенттер мұғалімсіз, өз беттерімен мектепте жасаған зерттеу жұмыстарына ұқсас, алайда құрылымы өзгеше зерттеу жұмстарын жүргізеді.

 

Біз ХБҰ-на осы парақшада берілген мазмұнды әрі мағыналы ақпараттар үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Сілтеме (website) арқылы өтіп, оқу барысында балаларыңызға керек болатын өзге де дағдылар мен  әдіс-тәсілдер туралы оқуыңызға болады.

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ