Haileybury Almaty
Haileybury Almaty 2008 жылы Ұлыбританиядағы Haileybury компаниясымен серіктестікте ашылды. Бұл коммерциялық емес білім беру жобасын бір топ қазақстандық кәсіпкерлер қаржыландырды. Haileybury Almaty британдық білім берудің үздік дәстүрлеріне бай кең көлемді оқу бағдарламасын ұсынады. Оқушылар шет елдерде және Қазақстандағы үздік жоғарғы оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін «A levels» бағдарламасы бойынша дайындалады
Haileybury Astana
2011 жылы Президент Назарбаев көшбасшылардың жаңа буынын тәрбиелеуге, олардың ұмтылыстарын жүзеге асыруға және әлемнің беделді университеттеріне түсуге мүмкіндік беретін, IB бағдарламасы бойынша оқытатын әлемдік деңгейдегі Haileybury Astana мектебін салтанатты түрде ашты.