16 жастағы оқушыларға арналған A-Level гранттары (2026-2028 оқу жылы)

Haileybury Almaty мектебінде A-Level бағдарламасы бойынша оқуға арналған гранттар (2026–2028)

Оқу әлеуетіңізді ашып, әлемдік деңгейдегі білім алыңыз!

Haileybury Almaty Қазақстанның дарынды оқушылары үшін A-Level бағдарламасы бойынша оқуға арналған толық және жартылай гранттар ұсынады. Гранттар үлгерімі жоғары, әлемнің жетекші университеттеріне түсуге ұмтылатын оқушыларға беріледі.

Грант иегерлері Haileybury Almaty мектебінде 2026–2028 оқу жылдарында (12–13 сыныптар) беделді британдық A-Level бағдарламасы бойынша оқуға қаржылай қолдау алады.

Гранттар конкурсына кім қатыса алады? 

Гранттар конкурсына қатысуға:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын
  • 15–16 жастағы (туған күні 01.09.2009 – 31.08.2010 аралығы)
  • оқу үлгерімі жоғары
  • қаржылай қолдауды қажет ететін
  • өтініш берген кезде Haileybury Almaty мектебінде оқымайтын үміткерлер өтініш бере алады.

Үміткерлерді іріктеу 

Барлық үміткерлер арнайы олимпиадаларға қатысады, олар келесі кезеңдерден тұрады:

  • онлайн олимпиада (1-ші кезең)
  • оффлайн олимпиада (2-ші кезең)
  • Haileybury Almaty гранттар комитетінің мүшелерімен қорытынды сұхбат

Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізіледі:

  • информатика
  • математика
  • жаратылыстану ғылымдары (биология, химия, физика)
  • ағылшын тілі

Үміткерлер бір немесе бірнеше пәннен олимпиадаға қатыса алады. 

Олимпиада кезеңдері мен тіркелу

Төменде олимпиада кезеңдерінің күндері мен тіркелу сілтемелері көрсетілген:

A-Level бағдарламасы бойынша оқуға арналған гранттар (2026–2028)

Информатика пәні бойынша олимпиада

Өтініштерді қабылдаудың соңғы күні: 12 қыркүйек
1-ші кезең (онлайн): 17 қыркүйек
2-ші кезең (офлайн): 27 қыркүйек
Тіркелу
Информатика пәні бойынша олимпиада
A-Level бағдарламасы бойынша оқуға арналған гранттар (2026–2028)

Математика пәні бойынша олимпиада

Өтініштерді қабылдаудың соңғы күні: 3 қазан
1-ші кезең (онлайн): 8 қазан
2-ші кезең (офлайн): 18 қазан
Тіркелу
Математика пәні бойынша олимпиада
A-Level бағдарламасы бойынша оқуға арналған гранттар (2026–2028)

Жаратылыстану пәні бойынша олимпиада

Өтініштерді қабылдаудың соңғы күні: 1 қараша
1-ші кезең (онлайн): 5 қараша
2-ші кезең (офлайн): 15 қараша
Тіркелу
Жаратылыстану пәні бойынша олимпиада
A-Level бағдарламасы бойынша оқуға арналған гранттар (2026–2028)

Ағылшын тілі олимпиадасы

Өтініштерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 14 қараша
1-ші кезең (онлайн): 19 қараша
2-ші кезең (офлайн): 29 қараша
Тіркелу
Ағылшын тілі олимпиадасы

Неліктен A-Level?

A-Level (Advanced Level General Certificate of Education) — халықаралық деңгейде мойындалған британдық біліктілік. Haileybury Almaty мектебінің A-Level түлектері әлемнің жетекші университеттеріне оңайырақ түсе алады:

  • Ұлыбритания — Oxford, Cambridge, UCL, Imperial College London және т.б.
  • АҚШ — Harvard, Stanford, MIT, Yale, Columbia, Brown, Caltech және т.б.
  • Канада — University of Toronto, The University of British Columbia және т.б.
  • Еуропа — University of Amsterdam, Erasmus, KU Leuven, TUM, KIT, Bocconi, IED, IE, Esade және т.б.
  • Азия — HKUST, KAIST, Yonsei, HKU, HK Poli University, CUHK, KUAS, Waseda, NTU Singapore және т.б.

A-Level бағдарламасында оқушылар тек өздері таңдаған пәндерді тереңдетіп оқиды. Бұл оларға әлемнің үздік университеттеріне түсу кезінде үлкен артықшылық береді.

Қорытынды іріктеу

Грант беру туралы шешім олимпиада нәтижелері, қорытынды сұхбат, академиялық көрсеткіштер, қаржылай қолдауды қажет ету сияқты критерийлерді ескеріп қабылданады. Барлық гранттар Haileybury Almaty мектебінің ішкі ережелеріне сәйкес беріледі.

Сұрақтарыңыз бар ма?

Гранттар туралы қосымша ақпарат алу үшін оқушыларды қабылдау бөліміне хабарласыңыз:

, Қабылдау бөлімінің меңгерушісі
Елнұры Атакозиева
Қабылдау бөлімінің меңгерушісі

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат