- Haileybury Almaty туралы
- Қабылдау
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
We hope that with the wide range of CCAs available pupils can find something that appeals to them. It is our firm belief here, at Haileybury Almaty, that co-curricular activities form an integral part of a child’s education and pupils are encouraged to participate in CCAs Monday-Thursday.
Мектепте кішкентай балаларға арналған көптеген үйірмелер бар. Оқытушылардың мұқият қадағалауымен Reception оқушылары біртіндеп моториканы, сыни ойлауды, қиялдауды дамытып, өзіне деген сенімділікті арттырады. Reception оқушылары үшін біз келесі сабақтан тыс үйірмелер (CCA) ұсынамыз: Әңгімелер үйірмесі, Логикалық ойындар, Ұсақ моториканы дамыту, Конструкторлар клубы, Қадамдық сурет салу, Жай биле!, Пластилиннен модельдеу, Таза ауадағы ойындар, Караоке, Шаңғы CCA және басқалар.
Haileybury мектебінде оқушылар жеке тұлғаның теңгерімді дамуына бағытталған танымдық, шығармашылық және физикалық іс-шараларға қатыса алады. Мектеп мұғалімдері үшінші тарап нұсқаушыларымен бірге оқушының хоббиін, спортқа деген талпынысын іздеп табуға және дамытуға немесе оқу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беретін бірлескен оқу бағдарламарын дайындайды. Біз бірінші және екінші сынып оқушылары үшін әр түрлі CCA-лер ұсынамыз, олардың ішінде: Оқырмандар клубы, Футбол, Таэквондо, Бейнелеу өнері, Түрік тілі, Би, Эмоционалды интеллект, «Көрсету және айту», Роальд Дальдың клубы, Әңгімелер клубы, Аспаздық өнер клубы, «Қазақ тілінде сөйлеу» клубы, Қоқыс қолөнері, Шахмат, Қытай тілі, Ертегі оқу, Театр өнері, Көңілді ән айту, Жүзу, Қолдан жасалған ашық хаттар, Лего, Ipad клубы, «Қызыты орыс тілі», Busythings ойындары, «Сурет салу және пластилиннен мүсін жасау», Үстел ойындары, 1-сыныпқа арналған Математика, Оригами және т.б.
Сыныптан тыс үйірмелердің барлығы оқушылардың қызығушылықтарын анықтап, білімі мен дағдыларын үнемі жетілдіре отырып, балалардың әлеуетін ашуға бағытталған. Оқушылардың қажеттіліктері мен амбицияларын қанағаттандыру үшін біз мектептен тыс әр түрлі ішкі жабдықтарды, үй-жайларды және алаңдарды қолдана отырып, әртүрлі сабақтар өткіземіз. Key Stage 2 оқушылары үшін мектеп келесі үйірмелер ұсынады: Жүзу, Оқырмандар клубы, Дебат клубы, Үй тапсырмасы клубы, Таэквондо, Эмоционалды интеллект, Киізден жасалған бұйымдар, Шахмат, Шаңғы CCA, Ішекті аспаптар ансамблі, Әңгімелесу клубы, Лего, Оқырмандар клубы, Үстел ойындары, Сурет салу, Укулеле, Баскетбол, Кітап клубы, Сандық сурет, Тоқыма үйірмесі, Шығармашылық бағдарламалау, Үрмелі аспаптар ансамблі, «Қолдан жасалған ашық хаттар», Каллиграфия, Математикалық қолдау, Үстел ойындары, Кітап жасау клубы, Қолөнер және бояу клубы, Аспаздық өнер үйірмесі, Киізден қолөнер, Скрабл, Драма клубы, Фотографтар клубы, Көбейту және бөлу клубы, Қолөнер және сурет клубы, Ағылшын грамматикасы, Гольф, Шаңғы CCA, Қазақша сөйлесу, Сөз әлемінде, Үрмелі аспаптар клубы, «Тамада клубы», Йога, драмалық үйірме және басқалар.
Сабақтан тыс үйірмелерде біз оқушылардың жеке және академиялық өміріне қажетті білім мен дағдыларды дамытатын жағдай жасаймыз. Жоғары сынып оқушылары өздерінің қызығушылықтарына сәйкес келетін сабақтарға қатысуға мүмкіндік алады, сонымен қатар олар өздері CCA ұйымдастырып, жүргізе алады. Оқушылар бастаған үйірмелерде олар өздерінің хоббилерімен бөліседі, құрдастарын академиялық тұрғыда қолдайды және қайырымдылықпен айналысады. Сабақтан тыс үйірмелерде біздің мұғалімдер оқушыларды түрлі жарыстарға дайындайды. Жоғары мектеп оқушыларына арналған CCA-лерге келесілер кіреді: Haileybury әлеуметтік қолдау тобы, Сиқыршылар тобы, Дебат клубы, Тоқу, IELTS-қа дайындық сыныбы, Фильмдерді талдау, Үстел теннисі, Асыл Мирас қайырымдылық қоры, БҰҰ Моделі, Айдаһарлар мен зындандар, Лего және Робототехника, «Қазақ тілі диктанты», Майнкрафт, Жүзу, Психология, Эко-мектеп, Шахмат, Edexcel емтиханға дайындық клубы, Гитара ансамблі, Психикалық практика және медитация клубы, Бейнелеу өнері, Оқырмандар клубы, Үрмелі аспаптар ансамблі, Haileybury газеті, «Әлемдік Эрудиттер Кубогы» клубы, STEM Crest клубы, Python бағдарламалау клубы, «Тильда қуыршағы» клубы, Философия, Орыс тілі туралы толығырақ, Джаз квинтеті, Скрабл, COBIS эко-фильмдер жасаушылар клубы, Олимпиадалық математика клубы, 7-13 сыныптарға арналған Хор, Үрмелі аспаптар клубы, Киізден жасалған бұйымдар және тағы басқалар.
Ұсынылатын Сабақтан тыс үйірмелер әр семестрде өзгеруі мүмкін, дегенмен біз әрқашан оқушыларымыздың қажеттіліктерін ескереміз және оқушылар мен олардың ата-аналарының қажеттіліктеріне жауап беретін үйірмелер ұсынамыз.