"Haileybury Almaty тағам денені нәрлендіреді және жанды шабыттандырады деп санайды, сондықтан мектеп оқушыларын күн сайын сапалы және әртүрлі тағаммен қамтамасыз етеді"

Haileybury Almaty-дағы тамақтану

Асханада бірге тамақтану - Haileybury Almaty мектебінің негізгі аспектісі, ал асханада ұсынылатын тағам шымынен ерекше!

Әртүрлі және дәмді тағам

Біз күн сайын нәрлі көже, жаңа піскен нан, карри, вегандық және вегетариандық тамақтар, жаңа піскен жемістер, салаттар мен десерттер сияқты дәмді тағамдардың кең таңдауын ұсынамыз. Тағамның сапасы мен әртүрлілігі мектеп күнінің маңызды бөлігі болғандықтан, біз барынша әркімнің талғамына сәйкес келетін тағам жасауға тырысамыз. 

ДӘМДІ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ ТАҒАМ

ҰМЫТЫЛМАС ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Жарық асханамызда бірге тамақтану Haileybury Almaty мектебінде оқудың маңызды бөлігі болып табылады.
Біз күн сайын нәрлі көже, жаңа піскен нан, дәмді балық, вегандық және вегетариандық тағамдар, сондай-ақ жаңа піскен жемістер, салаттар мен көкөністер сияқты дәмді және қоректік тағамдардың кең ауқымын ұсынамыз.
Біздің тағамдарымыз жай ғана тамақ емес, олар - біздің қоғамдастықты біріктіретін күш.
ҰМЫТЫЛМАС  ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Ерекше сапа

Қоғамдық тамақтандыру саласындағы көшбасшы болып табылатын FG компаниясымен серіктестікте Haileybury Almaty өз оқушыларын сапалы тамақпен қамтамасыз етеді. Біздің аспаздар күн сайын әртүрлі және пайдалы тағамдар дайындайды. Олар оқушылардың ерекше диеталық және спорттық қажеттіліктерін ескере отырып, әрбір тағамның құнарлы, жоғары сапалы және теңгерімді болуын қамтамасыз етеді.

Әртүрлі және пайдалы тағамдар 

Біз мәзірімізді мұқият құрастырамыз және әр түрлі дәм мен диеталық қажеттіліктерге сай тағамдардың алуан түрін ұсынамыз. Күн сайын оқушыларға әртүрлі құнарлы салаттар, дәмді ет және вегетариандық тағамдардың кең таңдауы ұсынылады. Біздің мақсатымыз – оқушыларымыздың денсаулығы мен жалпы салауаттылығын қолдау үшін теңдестірілген тамақтануды қамтамасыз ету.

 

Тақырыптық күндер мен әлем тағамдары 

Сондай-ақ біз тамақтану және пайдалы тағамдар туралы арнайы тақырыптық күндер мен семинарлар өткіземіз. Мұндай іс-шаралар оқушыларға әлем тағамдары туралыкөбірек білуге және дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді. Haileybury Almaty жақсы тағам қауымдастықты нығайтады, әл-ауқатқа ықпал етеді және құнды өмірлік дағдыларды береді деп санайды.

2024-2025 жж. арналған мектеп мәзірі
Жүктеу
Жаңалықтар
11.12.2024
Қысқы Фестиваль
Haileybury Almaty мектебіндегі қысқы фестиваль бізге мерекелік көңіл-күй, қуаныш және өзара көмек атмосферасын сыйлады!
11.12.2024
Беделді COBIS пікірсайыс байқауында 3-ші орын
Біздің Мерейлі, Алина, Таисия, Дияр және Аружан деген дарынды оқушыларымыз әлемнің түкпір-түкпірінен 38 жетекші британдық халықаралық мектептер қатысқан беделді COBIS халықаралық пікірсайысында тамаша өнер көрсетті.
10.12.2024
Жаһандық мәселелерді зерттеу: Haileybury Almaty мектебінде HALMUN 2024 конференциясы өтті
30 қарашада Haileybury Almaty мектебінде жыл сайынғы “Haileybury Almaty Model United Nations” (HALMUN) конференциясында болашақ көшбасшылар мен өзгерістер жасаушыларының кездесуі өтті.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат