- Haileybury Almaty туралы
- Қабылдау
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
Қазақстандық НРА Конституциясы
Haileybury мектебінің ата-аналар қауымдастығы (HPA) заманауи жеке мектепте ата-аналардың өсіп келе жатқан рөлін ескере отырып құрылған. Конституцияның толық мәтіні төменде келтірілген:
Мақсатымыз
Ата-аналардың тәжірибесін кеңейту және ата-аналардың, сондай-ақ оқушылар мен қызметкерлердің белсенді қатысуымен өтетін қоғамдық жұмыстарға назар аударту арқылы мектеп өмірін қолдауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру.
Мүше болу
Мектептің қазіргі оқушыларының ата-аналары комитет мүшесі бола алады. Мектеп ұжымының өкілін қоспағанда, мұғалімдер, тәрбие жұмысына жауапты қызметкерлер, әкімшілік қызметкерлер және оқушылар қауымдастықтың мүшелері болып табылмайды, бірақ олар жиналыстарға шақырылған қонақтар ретінде қатыса алады.
Қаржыландыру
HPA коммерциялық ұйым емес, сондықтан оның қызметін жүзеге асыру үшін қаржылық ресурстар қажет. Пайдаланылмаған қаражат мектеп пен оның Хаустарына пайда әкелетін жобаларды қаржыландыруға жұмсалады. Мектеп әр ата-анаға тоқсан сайын аз мөлшерде ақша бөледі. Бұл мектептің жалпы іс-әрекетін қаржыландыруға, әкімшілік және іс-шараларды өткізуге қатысты шығындарды жабуға көмектеседі.
Tel: +7 727 355 0100
chairhpa@haileyburyalmaty.kz
T +7 (727) 355 01 00
Төраға | Қаржы басқарушы | Хатшы |
|
|
|