Бастауыш мектеп (4-11 жас)

Бастауыш мектепке қош келдіңіз! Мұнда 400-ден астам оқушы Қабылдау сыныбынан бастап 6-шы сыныпқа дейін (4-11 жас) оқиды.

Біздің миссиямыз – оқушыларға мектеп қоғамдастығында академиялық, физикалық, мәдени және әлеуметтік мүмкіндіктерін жаһандық және болашақ контекстте іске асыруға мүмкіндік беретін білім алу тәжірибесіне ие бола алатын жағдайлар жасау.

Біздің миссиямызды іске асыруға келесі Haileybury дағдылары көмектеседі:

  • білуге құмарлық
  • байымдылық
  • тапқырлық
  • батылдық
  • ұйымшылдық
  • табандылық

Бастауыш мектепте оқушылар Haileybury дағдыларын дамытуға ықпал ететін қызықты және мазмұнды оқу бағдарламасы арқылы білім алады. Мектеп көптеген арнайы іс-шаралар, викториналар, саяхаттар мен тақырыптық күндерді өткізеді. Осы арқылы оқушылардың оқу процесіне деген сүйіспеншілігі артады.

Біздің оқушыларымыз Бастауыш мектепте толық әлеуметтік және академиялық дайындықтан өтіп, Жоғары мектепке көшеді. Жоғары мектептің академиялық стандарттары ағылшын, математика және ғылыми пәндерге қатысты британдық стандарттардан жоғары болып келеді.

 

Мектепке қабылдау

Reception: Неліктен 4 жасар баламыз үшін Haileybury мектебін қарастыруымыз керек?

Ата-аналарды алаңдататын ең жиі кездесетін сұрақ: мен баламды мектепке 4 жасымда жіберуім керек пе?

Haileybury Almaty британдық мектеп болып табылады және британдық білім беру жүйесін қолданады. Оған сәйкес балалар 4 жасында Reception (қабылдау)сыныбына түседі.
Reception сыныбында балалар математиканы ойын арқылы үйренеді. Сырт көзге балалар жай ойнап жүргендей болып көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде олар кәсіби әдіскерлер жетілдірген оқытудың белсенді түрлеріне қатысады және көптеген жаңа ақпарат алады. Ешкім оларды қатарынан бірнеше сағат партаға отырғызып қойып, дәптерлеріне сандарды жазғызып қоймайды, өйткені төрт жастағы балаға бұл пайдадан гөрі көп зиян келтіреді.

Сонымен қатар, сабақтар аяқталғаннан кейін балалар логикалық ойындардан бастап, шаңғы тебумен аяқталатын үлкен шараларды қамтитын сыныптан тыс үйірмелерге қатыса алады.
Reception сыныбына 2024-2025 оқу жылына қабылдау ашық. Қосымша ақпаратты алу үшін оқушыларды қабылдау бөліміне admissions@haileyburyalmaty.kz.
Мектепке қабылдау
Reception: Неліктен 4 жасар баламыз үшін Haileybury мектебін қарастыруымыз керек?
Жаңалықтар
21.02.2025
MIT студенттері Haileybury Almaty-да бір ай бойы инновациялық және шабыттандыратын сабақтар өткізеді!
Осы жылдың қаңтар айында Haileybury Almaty мектебіне QS World University Rankings рейтингінде 1-ші орында тұрған MIT студенттері Дейл мен Элиана келді.
19.02.2025
Haileybury Almaty мектебінде беделді FOBISIA өнер байқауы өтті
Биылғы жылы біз Азияның түкпір-түкпірінен келген оқушылар қатысқан FOBISIA өнер және дизайн байқауын өткізу құрметіне ие болдық. Байқау "Earth Canvas – young Artists for a greener Tomorrow" деп аталды.
19.02.2025
Haileybury Almaty-дағы Тілдер күні: Мәдениет пен көптілділікті тойлау
Кеше Haileybury Almaty мектебінде Тілдер күні өтті – бұл жыл сайынғы шара оқушыларды, ата-аналарды және мұғалімдерді тілдік және мәдени әртүрлілікті атап өту үшін біріктіреді.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат