- Haileybury Almaty туралы
- Қабылдау
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
Бұл Сіз зерделеп жатқан нәрсені біріктіруге мүмкіндік беретін алты сипаттаманың жиынтығы.
Осы алты сипаттамаға мыналар жатады:
Бұл байланыстырушы сипаттамалар жастарға оқу барысында сенімді түрде және жылдам ілгері жылжуға көмектеседі. Оқушылар өз білімдеріне сенімді болғандықтан, қайталауға кететін уақытты қысқартады.
1) Жалпылау – бұл белгілі бір жағдайда не болып жатқанын және оны басқа жағдайларға қалай қолдануға болатындығын көру қабілеті. Мұны істей алатын оқушылар үйренген ережені жаңа материалға қолдануға болатынын не болмайтынын түсіне алады. Бұл оқу процесін жылдамдатады және басқаруға болатындай етеді, өйткені егер адам зерделеген нәрсенің әмбебап қолдануға болатынына көз жеткізсе, онда ол оны алдағы уақытта да қандай да бір жаңа нәрсеге қатысты қолдана алады.
2) Байланыстарды табу – ықтимал жалпылауды іздеу үшін өткен тәжірибені пайдалана білу мүмкіндігі. Байланыстарды табу және орнату – бұл жаңа білім мен ақпаратты түсінудің бастамасы.
3) Кең ойлау – бұл үлкен идеялармен және тұтас тұжырымдамалармен жұмыс жасай білу қабілеті. Дарынды оқушылардың үйренгенінің маңыздылығын және оның бүкіл әлеммен байланысын көру қабілеті олардың бойындағы бірден бір қасиеті болып табылады. Бұл оқушыларды одан әрі көп оқуға, үйренгендеріне қызығушылық танытуға және тәуелсіз оқушы болуға ынталандырады және оған итермелейді. Бұдан бөлек, бір нәрсеге әуес болғысы келетін және жетістікке жетуді қалайтын кейбір оқушылар үшін оқу мектеп пен емтиханға ғана емес, әлемнің үлкен бейнесіне сәйкес келетінін көрсету аса маңызды. Бұл жоғары деңгейдегі жұмыстың өте маңызды бөлігі.
4) Абстракция – бұл белгілі бір ойдан дерексіз ойға тез өту мүмкіндігі. Ережені дәлелдеу үшін сізге енді нысандар қажет емес. Сіз физикалық қатысуды қажет етпейтін дерексіз тұжырымдамамен, санмен немесе идеямен жұмыс жасай аласыз. Абстрактілі оқыту жоғары оқу үлгеріміне қол жеткізу үшін қажет.
5) Қиял – бұл алдыңғы білімді пайдалану және оны ақиқат біліммен шектелмей мәселелерді шешу үшін қолдану мүмкіндігі. Қиял барлық адамдарға тән, бірақ барлық басқа психикалық сипаттамалар сияқты оны да дамытуға және нығайтуға болады. Шығармашылық оқу қабілеті мен қиялды дамытады және жоғары нәтижеге қол жету үшін де өте маңызды болып табылады.
6) Балама перспективаларды көру – бұл басқа адамдардың көзқарасын қабылдау және қиындықтар мен күрделілікті жеңу мүмкіндігі. Жетілдірілген когнитивті әрекет күрделі және кейде қарама-қайшы идеялармен жұмыс істеу қабілетін қамтиды. Жауап әрқашан «дұрыс» бола бермейді және тек «бәрін дұрыс түсінуге» ынталы оқушы ойлау мен оқуды дамыту барысында қиындықтарға тап болуы мүмкін. Бұл жағдайлар күрделі және бір мағыналы болмауы мүмкін екенін түсіну және әртүрлі жағдайларда және қажетті нәтижелерге қол жеткізу үшін әртүрлі жауаптар дұрыс болуы мүмкін екеніне көз жеткізу мүмкіндігі болып табылады.
Венди Берлинер мен профессор Дебора Эйрдың «Ұлы ойлар және оларды қалай өсіру керек: жоғары тиімді оқыту» кітабынан үзінді