A-Level нәтижелері

Біз Haileybury Almaty мектебін 2024 жылы бітірген еңбекқор және дарынды оқушыларымызды мақтан тұтамыз. 

Олар A-Level емтихандарынан тамаша нәтижелер көрсетті,  ал кейбіреулері мектеп тарихындағы ең жоғары нәтижелерге қол жеткізді. A-Level бойынша 10 бағаның алтауы - “А*” немесе “А”, ал 10 бағаның 8-і - “А*” мен “В” аралығында болды. A-Level әйгілі университеттерге түсуге мүмкіндік беретін әлемдегі ең танымал бағдарлама болып қала береді.

2024 жылғы түлектеріміз Корнелл, Стэнфорд, Калифорния техникалық университеті, Беркли, Нью-Йорк, Торонто, LSE, UCL және Уорвик сияқты АҚШ, Канада, Еуропа, Таяу Шығыс, Азия мен Австралияның үздік университеттеріне оқуға түсті. Оқушылармыздың жеңіп алған шәкіртақы сомасы 4,8 миллион доллардан асты, бұл ең жоғары деңгейдегі академиялық жетістіктерді көрсететін рекордтық сома.

Кеше ғана Haileybury Almaty мектебінде оқып жүрген оқушыларымыз енді заң, қаржы, экономика, инженерия, робототехника, биотехнология, астрофизика, жасанды интеллект, неврология, информатика, музыка, психология және гуманитарлық ғылымдар сияқты мамандықтар бойынша білім алатын болады. Түлектерімізге білім жолының келесі кезеңін сәтті бастауға тілейміз! Ақ жол! 

Жаңалықтар
10.10.2024
6 сынып оқушыларының "Ақ бұлаққа" ұмытылмас сапары
Жақында біздің 6-сынып оқушылары "Ақ бұлаққа" барып, керемет уақыт өткізді.
07.10.2024
Haileybury Almaty мектебінің Хаусаралық футбол ойындары
Барлық хаустарымызды тамаша өткен футбол ойынымен құттықтаймыз!
24.09.2024
Haileybury Almaty мектебіндегі Мансап күні оқушыларымызға болашақ мүмкіндіктерін зерттеуге көмектесті
Haileybury Almaty әрқашан оқушыларын болашақ мансапты таңдауға қажет болатын барлық ресурстармен және құнды нұсқаулармен қамтамасыз етуге тырысады. Өткен аптада мектепте Мансап күні өтті, онда оқушылар өздерінің мансаптық мүмкіндіктерін зерттеп, сала мамандарымен сөйлесе алды.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат