Құрметті Haileybury қауымдастығы!
Біз сіздерді британдық білім туралы «A-Level - әлемнің үздік университеттеріне апарар жол» тақырыбына арналған EUROBAK вебинарына қатысуға шақырамыз.
Осы сессия барысында Haileybury Almaty өкілдері A-Level жүйесінің мықты жақтары, оның қалай жұмыс істейтіндігі, A-Level жас адамдарда не дамытатыны туралы айтып береді, ал доктор Пол Уингфилд әлемнің үздік университеттеріне, атап айтқанда Кембриджге өтінім беру процесі туралы, сондай-ақ университеттерге түсу кезінде GCSE және A-level нәтижелері қалай пайдаланылатыны туралы айтып береді.
Күні: 29 қаңтар (жұма) 2021 ж.
Уақыты: 15.00-16.00
Тілі: Ағылшын
Вебинарға тіркелу үшін 28 қаңтарға дейін төменде орналасқан онлайн тіркелу сілтемесіне басыңыз. Тіркелгеннен кейін, іс-шара басталардан бір күн бұрын сізге вебинарға қатысу сілтемесі жіберіледі.