Жоғары мектептің математикалық олимпиадасының керемет нәтижелері
12 қола, 9 күміс және 10 алтын медаль!
Haileybury Almaty мектебінің 11-13 сынып оқушылары математикалық олимпиадаға қатысып, бірқатар медальдарға ие болды:
11-сынып - 1 күміс және 2 қола;
12-сынып - 3 қола, 1 күміс және 2 алтын;
13-сынып -7 қола, 7 күміс және 8 алтын медаль.
Дінмұхамед (12-сынып) және Мансур (13-сынып) алтын медальмен марапатталып қана қоймай, жарыстың келесі кезеңіне қатысуға шақырылды.
Жоғары мектептің математикалық олимпиадасы - бұл Ұлыбритания мектептеріне ғана емес, сонымен қатар халықаралық мектептерге арналған, көп таңдау ұсынылатын 90 минуттық жарыс. Мұнда оқушылар математикалық жолмен есептеуге, дәлдікпен ойлауға және қызықты есептерді шығару үшін негізгі математикалық әдістерді еркін қолдануға шақырылады. Математикалық олимпиаданың есептері оқушыларды ойлауға итермелейді, және тапсырмалардың көпшілігі бағдарламаға сәйкес келсе де, олар тіпті ең дарынды оқушылар үшін де біраз қиындықтар туғызады.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және оларға табыс тілейміз!