Haileybury мектебі өзінің үздік оқушыларының бірі Амир Хоссейнді ерекше мақтан тұтады. Ол көптеген беделді университеттерден медицина, медицина ғылымдары, неврология және биоинженерия сияқты қиын және жоғары сұранысқа ие мамандықтарда оқуға 20-дан астам шақыру алған. Оған әлемнің ең үздік 10 университетінде оқу ұсынылды. Олардың арасында Ұлыбританияның, АҚШ-тың және Канаданың үздік университеттері бар, сонымен қатар оған медицина және бизнес бойынша қос дипломдық бағдарламалар ұсынылды. Осы университеттердің көпшілігі оған академиялық жетістіктері үшін жүздеген мың долларды құрайтын шәкіртақы беруге дайын, бұл шәкрітақылардың бірі тіпті Амирдің келесі ғылыми дәрежесін алудың шығындарын қамтиды.
Ұсыныстар көп болғандықтан, ол әлі соңғы шешімін қабылдаған жоқ. Амир университетке құжаттар тапсыру кезінде үлкен жауапкершілік танытты және әр университетті зерттеуге және оларға құжат тапсыруға көп уақыт жұмсады. Ол осындай жетістікке ең алдымен жоғары оқу үлгерімінің арқасында жетті. Оқушылардың ішінде ол IGCSE пәндерінің ең көп санын тапсырды, олардың барлығынан жоғары баға алды, сонымен қатар A levels деңгейінде ғылыми пәндер бойынша үздік оқушы атанды.
Амир ұзақ жылдар бойы мектептің спорт капитаны болды және мектеп командасының мүшесі және капитаны ретінде түрлі спорт жарыстарына мектеп атынан шықты. Сонымен қатар, ғылыми жарыстарға, STEM олимпиадалар мен жарыстарға қатысып, мектеп намысын қорғады. Осы жылдар ішінде Амир көптеген тілдерді меңгеріп, бірнеше спорт түрімен жоғары деңгейде айналысып, облыстық, республикалық, халықаралық турнирлерге қатысты.
“Артымнан мәңгілік мұра қалдырғым келеді, алдымда көп белес бар екенін білемін, бірақ алғашқы қадамдарымды жасап жатырмын», - дейді Амир. Амирге осындай қиын, бірақ қызықты таңдау жасауда сәттілік тілейміз. Болашақта үлкен жетістіктерге жететініне сенеміз!