Haileybury Almaty оқушыларының қайырымдылық бастамасы

Біз сіздерге Нұрсұлтан және оның достары, Haileybury Almaty мектебінің қазіргі және бұрынғы оқушыларының бастамасы туралы айтып бергіміз келеді.

«Біздің қайырымдылық бастамамыз Алматы маңындағы Абай ауылында тұратын отбасылар мен балаларға көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған. Тобымыз аса үлкен болмаса да, біз әр 1-2 апта сайын ауылға барып, қолымыздан келгенше көмек көрсетуге тырысамыз.

Осындай жобаны бастау және адамдарға көмектесу идеясы маған ауылда тұратын атамды көруге барған кезде келді. Сол барғанымда мен кейбір отбасылардың қандай ауыр жағдайда өмір сүретіндерін көрдім. Біздің қазіргі мақсатымыз отбасыларды тамақ, кітап, киім-кешек және басқа нәрселермен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, біз ескі ауыл мектебіне мектеп жабдықтарын ұсынуды, сонымен қатар TeachingforHeroes бағдарламасын енгізуді және барлық балалар үшін онлайн оқыту платформасын қол жетімді етуді жоспарлап отырмыз.

Сондықтан да мен бүкіл Haileybury қауымдастығын біздің апта сайынғы сапарларымызға қосылуға немесе ескі кітаптар, мектеп жабдықтары, киім-кешек және т.б. заттарды беру арқылы өз көмектерін көрсетуге шақырамын», - дейді Нұрсұлтан.

Жаңалықтар
17.04.2024
Альмина беделді Браун университетіне оқуға түсті
Haileybury Almaty Альминаны көрнекті жетістігімен - Айви лигасының құрметті мүшесі және АҚШ-тың 9-шы үздік университеті болып табылатын Браун университетіне түсуімен - құттықтауға қуанышты!
16.04.2024
Неверлендке сапар: Haileybury Almaty оқушылары көрермендерге "Венди мен Питер Пэн" спектаклін ұсынды
Өткен аптада біздің мектебіміз сиқырлы тозаң және ұшатын армандарға толып кетті, ал біз барлығымыз бірге «Венди мен Питер Пэн» қойылымында дарынды оқушыларымыз ұсынған Неверленд еліне ұмытылмас сапарға аттандық.
15.04.2024
Нұрсұлу нейробиология саласындағы кемелдікке жету жолында
Бұл жолы біз әлемдегі ең беделді оқу орындарынан, соның ішінде UCL, King ' s College London, St Andrews, Cardiff, University of Edinburgh сияқты британдық және Pomona College, Hamilton College, Boston University, Boston College, Denison University сияқты американдық жоғары оқу орындарынан ұсыныстар алған Нұрсұлуды құттықтауға асықпыз!

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат