Халықаралық олимпиадада қола медаль жеңіп алғанын мақтанышпен хабарлаймыз!

Стипендия иегері, 12-сынып оқушысы Назар информатикадан беделді халықаралық олимпиадада Қазақстанның атынан қатысыпқана қоймай, ҚОЛА МЕДАЛЬ жеңіп алғанын мақтанышпен хабарлаймыз!

Халықаралық информатика олимпиадасы – тапсырмаларды шешу, бағдарламалау және алгоритмдеу дағдыларын сынайтын әлемдегі жас саналар үшін ең күрделі және беделді жарыстардың бірі. Назардың тамаша жетістігі оның озаттығын, сонымен қатар оның Haileybury Almaty мектебіндегі жоғары білім сапасын көрсетеді.

Назардың еңбегі мен талпынысына жоғары баға берілгеніне бірге қуанайық.

Назардың жетістігі Haileybury қауымдастығы оқушылардың дарыны мен әлеуетін дамытуға көмектесетінінің айқын дәлелі болып табылады. Жас ғалымдарымызды үлкен жетістіктерге шабыттандыра берейік!

 

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат