Инновация және топтық жұмыс: 7-9 сыныптарына арналған Кәсіпкерлік апталығы, 10-14 маусым, 2024 ж.
Haileybury Almaty оқушыларға қажет маңызды өмірлік дағдыларды дамытады, оларды үнемі өзгеріп отыратын әлемде табысқа жетуге дайындайды. Биылғы жылы біз 7-9 сынып оқушыларына 2024 жылдың 10-14 маусымы аралығында өтетін Кәсіпкерлік апталығы деп аталатын жаңа бастаманы ұсынуға қуаныштымыз.
Пәнаралық оқыту және дағдыларды дамыту апталығы
7-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы бойынша жұмыс тобы жыл соңында оқушылар жобаға негізделген оқыту арқылы топтық жұмыс, мәселелерді шешу және көпшілік алдында сөйлеу сияқты дағдыларды жетілдіре алатын пәнаралық апталық өткізуді ұсынды. Мектеп басшылығы бұл ұсынысты қызу қолдады, енді біз қызықты оқиғаларға толы тамаша аптаны ұйымдастыруға асықпыз.
“8 Billion Ideas” ұйымымен серіктестік
Қызықты әрі пайдалы апталық өткізуді қамтамасыз ету үшін біз кәсіпкерлік білім беруге маманданған атақты “8 Billion Ideas” деген ұйыммен жұмыс істейтін боламыз. Олардың командасы мектепке келіп, барлық қажетті ресурстарды қамтамасыз етеді және апта бойы іс-шараны жүргізеді. “8 Billion Ideas” және олардың инновациялық тәсілі туралы қосымша ақпарат олардың веб-сайтында берілген.
Кәсіпкерлік апталығы қалай өтеді?
Кәсіпкерлік апталығында оқушылар әдеттегі сабақ кестесі бойынша оқымайды. Мұғалімдер оқушыларды тіркеп, қажет болған жағдайда көмек көрсетеді. “8 Billion Ideas” командасы әзірлеген іс-шаралар Haileybury қызметкерлеріне басқару емес, қолдау көрсетуге мүмкіндік береді, бұл барлығына жағымды және тартымды тәжірибе болады деп сенеміз.
Апталықта өтетін шаралар:
Оқушылар үш бөлек жобаны орындайды:
- 1-күн: Сөз сөйлеу. Оқушылар сөйлеу дағдыларын шыңдайды - олар TED talk стилінде сөйлейтін болады.
- 2-күн: Қаладағы өзгерістер. Тұрақты даму мәселелері - Оқушылар қала мәселелерінің инновациялық шешімдерін әзірлейді.
- 3-5 күн: Стартап мектебі – кәсіпкерлікті, шешендік өнерді және көпшілік алдында сөйлеу өнерін жан-жақты зерттеу; оқушылар өз бизнес-идеяларын ұсынады.
Болашақта
Биылғы Кәсіпкерлік апталығындағы табысты нығайтып, алдағы уақытта өз күшімізбен осындай іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.
Біз инновациялар, шығармашылық және ынтымақтастық аптасын асыға күтеміз және оқушыларымыз Кәсіпкерлік апталығының тапсырмаларын сапалы орындап шығады деп үміттенеміз.