Haileybury Almaty оқушыларының математика және информатика бойынша 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасындағы (IZHO 2025) жетістіктері туралы айтуға асықпыз.
Бұл – әлемнің түкпір-түкпірінен келген дарынды оқушылардың басын қосқан беделді жарыс. Біздің оқушылар халықаралық аренада топ жарып шықты.
Математика
- Мирон (13 сынып, Бартл Фрер) 37 ұпай жинап, алтын медальға ие болды 🏅. Математика бойынша барлық қатысушылар арасында ең жоғары ұпайға ие болды. Бұл - Миронның ерекше таланты мен еңбекқорлығын көрсететін үлкен жетістік.
- Амирлан (12 сынып, Киплинг) да алтын медаль алды 🏅. Сапалы білімі мен пәнге деген сүйіспеншілігін көрсетіп, 35 ұпай жинады.
- Тимур (12 сынып, Бартл Фрер) 26 ұпай жинап, лайықты күміс медальға ие болды 🥈, ол да математикадан өзінің тамаша қабілеттерін көрсете білді.
Информатика
- Назар (13 сынып, Attlee) информатикадан күміс медаль жеңіп алып🥈, Haileybury Almaty мектебі STEM саласында мықты және сапалы білім беретінін дәлелдеді.
Біз сендерді мақтан тұтамыз!
Бұл тамаша нәтижелер оқушыларымыздың қажырлы еңбегін, ынта-жігерін және білімге құштарлығын, сондай-ақ ұстаздарымыз бен тәлімгерлеріміздің ерекше қолдауын көрсетеді. Жәутіков олимпиадасы сынды жарыстар оқушыларың білімдерін кеңейтіп қана қоймай, оларды таңдаған салаларында жоғары жетістіктерге жетуге талпындырады.
Мирон, Амирлан, Тимур және Назарды жеңістерімен құттықтаймыз! Сіздің ынтаңыз бен жетістіктеріңіз бүкіл Haileybury Almaty қауымдастығына шабыт болып табылады. Біз сондай-ақ IZHO 2025 ұйымдастырушыларына оқушыларымызға өз күштерін сынауға және көрсетуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз.
Болашаққа көзқарас
Біз әрқашан академиялық жетістіктер мәдениетін дамытамыз және оқушыларымызға әлемдік деңгейдегі жетістікке жетуге мүмкіндік береміз. Алдағы уақытта бұдан да зор табыстар тілейміз!