Haileybury Almaty мектебі ТДМ (тұрақты даму мақсаттарын) білім беру үдерісіне қалай енгізеді?
Осы айдың тұрақты даму мақсаты №13 мақсат - Климаттың өзгеруіне қарсы әрекеттер. Біз Бастауыш мектептің бірнеше сыныбына барып, балалардың күнделікті іс-әрекеттеріне таң қалдық. Reception сыныптарындағы ең кішкентай балалар пластикті азайтудың маңызын түсінеді және олар әртүрлі маталарды қайта пайдалануды үйреніп жатыр. Балаларды жақсы әдеттерге үйрету ерте жастан басталуы керек!
⠀
KS1 сыныптарында оқушылар йогурт қаптамалары мен пластикалық қасықтарды жинап, олардан кейін пластикалық жануарлар жасайды. Басқа сыныптың оқушылары сыныптан шыққан кезде міндетті түрде шамдарды өшіреді, бұл электр қуатын тұтынуды азайту үшін өте маңызды.
⠀
Тұрақты даму мақсаттарын білім беру процесіне енгізу тек теориялық жақпен шектелмейді, біздің басты мақсатымыз - мұғалімдер мен оқушылар арасында қоршаған ортаны қорғауға арналған нақты іс-әрекеттер мен әдеттер қалыптастыру.