Халқымыз ауқымды су тасқын салдарымен күресіп жатқан бұл қиын уақытта мектебіміз қолын қусырып қарап отыра алмайды.
Haileybury Almaty және Haileybury Astana мектептері бұл апаттан зардап шеккендердің ауыртпалығын жеңілдету үшін бар күшін салып жатыр.
Біз бірнеше бастамаларды ұйымдастырдық, олардың біріншісі – гуманитарлық көмек жинау. Бұл бастама шеңберінде киім-кешек, азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттар жиналады.
Сіздерді отандастарымызға көмек көрсетуге шақырамыз. Кішігірім үлестің өзі жағдайды айтарлықтай өзгерте алады. Бірге әрекет етсек, көбірек нәтижеге қол жеткізе аламыз, су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға үміт сыйлай аламыз.
Мейірімділік пен жанашырлық – қоғамдастығымызды біріктіретін қасиеттер.