
Кеше біз Esentai Gallery директоры Тоғжан Сакбаевамен бірлесіп, "Өнер арқылы білім беру" атты шабыттандыратын таңғы ас шарасын өткіздік, онда өнердің оқушыларды қалыптастырудағы және болашақ білім берудегі маңызды рөлі талқыланды.
Шара барысында түрлі қызықты пікірталастар, талқылаулар болды, ал Тоғжан өнердің білім беруде неліктен маңызды рөл атқаратыны және дүние жүзіндегі білім беру мекемелері шығармашылықты оқу процесіне қалай енгізіп жатқаны туралы құнды ойлармен бөлісті. Ол өнердің мектеп оқушылардың сыни ойлау, қиялдау сияқты қабілеттерін және де әлемді тереңірек түсінуді қалай дамытатыны туралы айтты.
Сондай-ақ таңғы ас қонақтары үшін Haileybury мектебінің Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Иан Хант сөз сөйледі, ол мектептердегі шығармашылықты көтермелеудің және өнердің оқушыларға ұзақ мерзімді әсер етуінің маңыздылығын атап өтті.
Талқылаудан кейін қонақтар спикерлерге өз сұрақтарын қойып, әңгімелерін мұғалімдермен, ата-аналармен және өнер мамандарымен таңғы ас кезінде жалғастырды.
Тоғжан Сакбаеваға және барлық таңғы асқа қатысушыларға осы пайдалы идеялар алмасқаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз! Сіздерді де Haileybury Almaty мектебінің келесі іскерлік таңғы асына шақырамыз.