Журнал “The Education View - Empowering Minds: Қазақстанның болашағын қалыптастыратын ең үздік Халықаралық мектеп”

Haileybury Almaty мектебін беделді «The Education View» журналы болашақты қалыптастыратын Қазақстандағы үздік халықаралық мектептердің бірі ретінде атағанын қуана хабарлаймыз.

Бұл атақ біздің әлемдік деңгейдегі білім беруге және ертеңгі көшбасшыларды дамытуға ұмтылысымызды көрсетеді.

Кемелдік мұрасы 

Haileybury Almaty ұзақ уақыт бойы академиялық жетістіктер, жан-жақты даму және қолайлы оқу ортасының синонимі болып келеді. Біздің “The Education View” журналына шығуымыз - оқушылармыздың, оқытушыларымұғалімдеріміздің және қызметкерлеріміздің қажырлы еңбегі мен адалдығының айғағы. Бұл сонымен қатар білім берудегі инновациялық көзқарастарымызды және табысқа жетуге ықпал ететін оқу ортасын құруға деген мызғымас ниетімізді көрсетеді.

Оқытудың инновациялық тәсілдер

Haileybury Almaty білім берудегі инновацияның күшіне сенеді. Оқу бағдарламамыз оқушыларды сыни, шығармашылық ойлауға және өз бетінше жұмыс істеуге ынталандыратындай етіп құрастырылған. Біз әр оқушының нені қызықтыратынын түсініп, дарындылығын дамыту үшін көптеген пәндер мен үйірмелерді ұсынамыз.

Біздің заманауи жабдықтарымыз бен озық технологияларымыз динамикалық және интерактивті оқыту тәжірибесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жаңа технологиямен жабдықталған ғылыми зертханалар, кең кітапхана және заманауи спорттық жабдықтар – біз оқушылармызға тек ең жақсысын ұсынамыз!

Жан-жақты даму

Haileybury Almaty-да оқу тек сабақ дегенді білдірмейді. Біз жан-жақты дамытудың маңыздылығын түсінеміз, өйткені оқушылардың білімін ғана емес, мінез-құлқын да дамыту керек. Ұстаздарымыз жүргізген тәрбие жұмысы өз жемісін беруде – барлық оқушылардың оқу және тұлғалық дамуына қажетті қолдау көрсетіледі.

Біз үйірмелер мен секциялардың кең ауқымын ұсынамыз: спорт пен өнерден бастап қоғамдық қызмет пен көшбасшылық бағдарламаларға дейін. Бұл үйірмелер негізгі өмірлік дағдыларды, табандылықты және әлеуметтік жауапкершілікті дамытады.

Жетістіктеріміз 

Оқушыларымыздың жетістіктері – мектеп қауымының мақтанышы. Оқушыларымыз республикалық және халықаралық олимпиадаларда жеңіске жетіп, әлемнің ең беделді университеттеріне түсіп, өздерінің терең білімдері мен таланттарын үнемі көрсетіп келеді.

Көзге түскен оқушыларымыздың бірі – Аликсения Мартышева. Ол мектебімізден бірінші болып 2023 жылы Гарвардқа түсті. Оқу үлгерімі жоғары болды, үнемі түрлі үйірмелерге қатысты және, әрине, ол - біздің барлық оқушыларымыз үшін үлгі тұтар тұлға.

Жарқын болашақ

Біз оқушыларымызды тез өзгеретін әлемде жетістікке дайындайтын ерекше білім беру деген миссиямызға адалмыз. Біздің мектеп туралы «Empowering Minds» журналындағы мақала мектебіміздің тарихындағы маңызды оқиға болып табылады. Бізді алда күтіп тұрған мүмкіндіктер мен қиындықтар жігерлендіреді.

Мектебіміз, құндылықтарымыз бен болашаққа деген көзқарасымыз туралы көбірек білу үшін “Empowering Minds” журналындағы толық мақаланы оқуға кеңес береміз. Ертеңгі көшбасшыларды дамытып, әлемді бірге өзгертейік! 

Бізге оқуға түсіңіз!

Біз жетістіктерімізді мақтан тұтамыз, бірақ болашақта не күтіп тұрғаны бізді одан сайын қызықтырады. Егер сіз жоғары сапалы білім, қолдау көрсететін қоғам және өсу үшін шексіз мүмкіндіктер беретін мектепті іздеп жүрсеңіз, Haileybury Almaty мектебіне келіңіз!

Мүмкіндіктер санын бірге көбейтейік!

Haileybury Almaty Featured in Empowering Minds: Kazakhstan's Best International School Shaping the Future
Read the full feature here
Жаңалықтар
26.06.2024
Haileybury Almaty «Hyperluminal» командасы CERN ұйымдастырған физика бойынша халықаралық жарыста тамаша нәтиже көрсетті.
Әлемнің түкпір-түкпірінен қатысқан 460 команданың ішінен біздің команда қатаң іріктеуден өтіп, үздік 5% қатарынан көрінді, бұл - оқушыларымыздың білім сапасы мен еңбекқорлығын дәлелдейтін ерекше жетістік.
07.06.2024
Журнал “The Education View - Empowering Minds: Қазақстанның болашағын қалыптастыратын ең үздік Халықаралық мектеп”
Біз жетістіктерімізді мақтан тұтамыз, бірақ болашақта не күтіп тұрғаны бізді одан сайын қызықтырады. Егер сіз жоғары сапалы білім, қолдау көрсететін қоғам және өсу үшін шексіз мүмкіндіктер беретін мектепті іздеп жүрсеңіз, Haileybury Almaty мектебіне келіңіз!
04.06.2024
Тағы бір жетістік: BPhO физика сайысында оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды
Бірнеше оқушымыздың алтын және күміс медальдармен марапатталғанын қуана хабарлаймыз.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат