Haileybury Almaty мектебінде FIRST чемпионаттың іріктеу кезеңі өтті

2024 жылдың 2-3 қарашасында Haileybury Almaty мектебі FIRST чемпионатының іріктеу жарыстарын өткізіп, инновациялар мен шығармашылық орталығына айналды. 

700-ден астам қатысушылар - оқушылар, жаттықтырушылар, мұғалімдер және еріктілер - бұл іс-шара Қазақстандағы STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) дамуындағы маңызды кезең болды. Топтық жұмысты, сыни ойлауды және мәселелерді шешу дағдыларын жетілдіруді көздеген бұл чемпионат жас дарындарды әлеуетін ашылуына себеп болды. 

Жаһандық миссия және оны жергілікті деңгейде жүзеге асыру

FIRST (For Inspiration and Recognition of Science and Technology) бағдарламасы STEM білім беруді ілгерілетуге және болашақ инноваторларды дамытуға бағытталған халықаралық бастама болып табылады. Ол 1980 жылдары құрылғаннан бері бүкіл әлем бойынша миллиондаған оқушыларды шабыттандырды. Қазақстан 2017 жылдан бері бағдарламаның белсенді қатысушысы болып табылады және мұндай шаралар еліміздің ғылым мен технология саласындағы көшбасшы ретіндегі беделін нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Биылғы жылы іріктеу жарыстары су асты экожүйелерін зерттеу және жаһандық экологиялық мәселелерді шешу тақырыбы бойынша өтті. Қатысушыларға тек техникалық дағдыларды ғана емес, сонымен қатар шығармашыл, кәсіпкерлік ойлауды дамытатын нақты әлемдегі мәселелерді шеше алатын роботтарды жобалау және бағдарламалау тапсырылды.

Шараның маңызды сәттері

Екі күнге созылған чемпионат барлық қатысушыларға көптеген жарқын эмоция сыйлады, оқушылар бір-бірімен танысып, жаңа қарым-қатынастар орната алды.

Атмосфера күш-қуатқа толы болды, командалар роботтарын орнатып, жарыстың стратегиясын жасап, бір-бірін жігерлендірді. Іс-шара жай ғана жарыс емес – бұл Қазақстан оқушыларының дарындылығының, құштарлығы мен жігерінің салтанаты болды.

Турнир екі негізгі бағыттан тұрды:

Жоғары сынып оқушыларына арналған FIRST Tech Challenge. Командалар күрделі инженерлік есептерді шешу үшін металл компоненттерінен роботтар жасайды.

Жас қатысушыларға арналған FLL Challenge. Олар әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін LEGO робототехникасын пайдаланады.

Турлар арасында қатысушылар тәлімгерлермен араласып, ой бөлісіп, достық қарым-қатынас орнатты. Олар бір-бірін қолдап, әрбір жетістікке қуанды.

Жеңімпаздар:

Чемпионаттың соңында жабылу және марапаттау рәсімі өтіп, үздік командаларға марапаттар табыс етілді.

FIRST Tech Challenge жеңімпаздары:

  • PID (НЗМ)

  • KIROSHI (Almaty Polytechnic College)

  • Prometheus (MLP)

Бұл командалар енді Нидерландыда өтетін FIRST халықаралық чемпионатында Қазақстан намысын қорғап, әлемдік аренада өздерінің тапқырлықтарын көрсетеді.

FLL Challenge жеңімпаздары:

  • Great Knights (Leas.kz)

  • MF Squad (Prokid Centre)

  • NovaPrime (НЗМ, Алматы)

Бұл командалардың әрқайсысы жоғары деңгейдегі шығармашылық, техникалық білім және командалық жұмысты көрсетіп, биік белестерді бағындырды.

Қатысушылардың пікірі 

Ұйымдастырушылар мен қатысушылар осы чемпионаттың маңыздылығы туралы өз пікірлерімен бөлісті:

  • Асылбек Мырзахметов, USTEM қорының негіз қалаушыларының бірі:

«Қатысушылар санының артуы Қазақстан жастары арасында STEM-ге деген қызығушылықтың артқанын білдіреді. FIRST жай ғана жарыс емес, сонымен қатар сыни ойлауды, техникалық дағдыларды және кәсіпкерлік ойлауды дамытатын, Қазақстанды халықаралық аренада танытатын алаң».

  • Гүлнұр Кәрімғажы, дарынды балаларға арналған «Дарын» орталығының директоры:

«FIRST оқушыларға ғылым мен технологияның болашақ көшбасшыларын қалыптастыра отырып, әлемдік аренада өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл чемпионат инноваторлардың келесі ұрпағын дамытудағы маңызды қадам болып табылады».

Жолымыздың жалғасы

Шара аяқталуға жақын қалғанда, FIRST чемпионатының іріктеу кезеңінің мақсаты тек жеңіске жету емес екені анық болды. Сондай-ақ ойшылдар мен жаңашылдардың кейінгі ұрпағын тәрбиелеу, өсіру және рухтандыру көзделген болатын. Ең жас бағдарламашыдан бастап ең тәжірибелі тәлімгерге дейін әрбір қатысушы бұл жарыстан бағалы тәжірибе алып шықты. 


FIRST чемпионатының іріктеу жарыстары сияқты іс-шаралар арқылы Haileybury Almaty Қазақстанның және әлемнің жарқын болашағына үлес қоса отырып, STEM білім беру мен инновацияларды қолдауды жалғастыруда.

Жаңалықтар
27.11.2024
Арнұр – ғылым сайысының жеңімпазы!
Ұлттық ғылыми жобалар байқауының қалалық турында информатика номинациясы бойынша 1 орын алған Арнұрды (13 сынып) құттықтаймыз!
12.11.2024
Haileybury Almaty мектебінде FIRST чемпионаттың іріктеу кезеңі өтті
Haileybury Almaty мектебінде FIRST чемпионатыың іріктеу жарыстары өтті, оған 700-ден астам үміткер қатысты. Чемпионат Қазақстандағы инновация, командалық жұмыс және STEM-ді дамыту рухына толы болды.
30.07.2024
Жазғы STEM лагерінің негізгі сәттері
Біздің жазғы STEM лагері балалар үшін ұмытылмас тәжірибе болды.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат