Жақында біздің Haileybury Almaty және Haileybury Astana 13-сынып оқушылары Гуанчжоуға саяхатқа аттанып, Гонконг ғылым және технология университетінің (HKUST) жаңа кампусына барды.
Миллиард долларды құрайтын инвестицияға салынған осы заманауи ғимаратта оқушыларымыз жасанды интеллект, робототехника сияқты әлемдегі ең озық факультеттерді және наночип зертханасын көре алды.
Мұғалімдеріміз бірге олар ғылымның осы озық бағыттары туралы қажетті мәліметтер алды. Сондай-ақ олар HKUST профессорларының қатысуымен өткен конференцияға қатысты, оның барысында профессорлар университет туралы өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарға белсенді жауап берді. Бұл тәжірибе оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, болашақты қалыптастырудағы инновацияның маңыздылығын көрсетті.