Haileybury Almaty мектебінің Көркем-аукционы

Біз мектептің ата-аналар қауымдастығы, өнер кеңістігімен бірлесіп ұйымдастырған аукцион нәтижелерін хабарлауға қуаныштымыз.

Haileybury Almaty мектебінің 18 оқушысы аукционға 40-тан астам жұмыс ұсынды және де жұмыстардың барлығы аукционда сатылды.

Балалардың жұмыстарын ата-аналар, мұғалімдер, сондай-ақ галерея қызметкерлері сатып алды. Жиналған қаражаттың жалпы сомасы 3.190.000 теңгені құрады, жиналған ақша толықтай қайырымдылыққа жұмсалады. 

Біз мектеп пен ата-аналар қауымдастығы атынан «Есентай» галереясын ұсынған Тоғжан ханымға алғыс білдіргіміз келеді, оның аукционшы және галерея иесі ретіндегі таланты арқасында барлық жұмыстар тез арада сатылды!

Ханна ханым біздің оқушыларымызға шын жүректен қолдау көрсетті, сонымен қатар ол осы іс-шараны ұйымдастыруға көмектесті. 

Біз сондай-ақ балаларға ұсынылған сыйлықтар үшін:

Studia Art Future @artfuture.kz

SEN cafe @sencafe.kz

SEN music studio @senvoicestudio - алғысымызды білдіргіміз келеді.

Осы аукционға қатысқан әрбір қатысушы, сатып алушы және ұйымдастырушыға шын жүректен алғыс айтамыз, сіз игі және пайдалы іс жасадыңыз!!!

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат