Haileybury Almaty оқушылары Куала-Лумпурдағы FOBISIA 2025 математикалық жарыста

Жақында оқушыларымыз Малайзияның Куала-Лумпур қаласына барып, FOBISIA математикалық жарысына қатысып келді. 

Олармен бірге Ақмарал Оңласын мен Алекс Ноудс барып келді. Біздің команда бірнеше кезеңдерден өтіп, күрделі есептерді шығарып, топтық жұмыс дағдыларын, математикалық білімдерін көрсетті.

Жарыстың негізгі сәттері

Жарыс бірнеше турдан тұрды, онда оқушыларға сыни тұрғыдан ойлау мен шығармашыл тәсілдерді қолдану керек болды:

🔹 Dragon Maths – тез ойлауды қажет ететін жылдам раунд. Бұл қызу раундқа мектебіміздің атынан Каген қатысты. 

🔹  Carousel of Activities - бұл раунда  стратегия мен дәлдік маңызды, Марияның командасы осы раундқа қатысты.

🔹 Code Breaking – жарыстың барлық қатысушылары ең қиын деп таныған раунд. Қатысушыларға көптеген күрделі мәселелерді шешуге тура келді. Біздің оқушылар келесі жылы дайындыққа көбірек уақыт бөлуге уәде берді!

Куала-Лумпурда серуендеу 

Оқушыларымыз сонымен қатар Куала-Лумпурдың кейбір әйгілі жерлерін аралай алды:

🌟 Бату үңгірлері мен индуистік ғибадатхана – 272 баспалдақпен жоғары көтеріліп, жолдан кейін бір сергіп алдық.  Әдемі табиғат пен көңілді маймылдар барлығымызға ұнады.

🌟 KL мұнарасының шолу алаңы  - 421 метр биіктікте орналасқан шыны еден бастапқыда өте қорқынышты болды, бірақ ақыры бәріміз де оның үстіне шығып, әсерлі суреттер жасап та үлгердік. 

Болашақ жоспарларымыз

Бұл жарыс қызықты сәттерге толы жақсы танымдық саяхат болды. Оқушыларымыз төзімділік, командалық жұмыс және математикаға деген қызығушылығын танытты, бұл оларды болашақ қиындықтарға дайындайтыны сөзсіз.

Олар келесі FOBISIA математикалық сайысын асыға күтуде.

Біздің командамызға Haileybury Almaty-ны лайықты түрде көрсеткені үшін алғыс айтамыз!

Жаңалықтар
04.03.2025
Орталық Азияның FIRST Чемпионаты
20-23 ақпан аралығында біздің Initium робототехника командамыз беделді Central Asian FIRST Tech Challenge жарысына қатысып, Орталық Азияның 200-ден астам аймақтық қатысушыларының арасынан іріктелген 64 мықты команданың қатарында бақ сынады.
27.02.2025
Өнер арқылы білім беру
Кеше біз Esentai Gallery директоры Тоғжан Сакбаевамен бірлесіп, "Өнер арқылы білім беру" атты шабыттандыратын таңғы ас шарасын өткіздік, онда өнердің оқушыларды қалыптастырудағы және болашақ білім берудегі маңызды рөлі талқыланды.
24.02.2025
Haileybury Almaty оқушылары Сингапурдағы STEMCO олимпиадасында тамаша нәтижелер көрсетті!
Haileybury Almaty Айтемірдің (4-сынып, Attlee House) және Алибектің (12-сынып, Kipling House) ерекше жетістіктері туралы үлкен қуанышпен хабарлайды.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат