Біз Экономика бойынша әлем кубогының ұлттық және континенттік кезеңінің өңіріміздегі үздік 3 мектеп қатарына кірдік!

Haileybury Almaty 2023 жылғы Экономика бойынша әлем кубогының ұлттық/аймақтық және континенттік кезеңінің өңіріміздегі үздік 3 мектеп қатарына кірді!

Бұл беделді марапат жеке есепте үздік болғаналты оқушының орташа жалпы ұпайы негізінде жоғары нәтиже көрсеткен мектептерге беріледі.

Бірнеше ай бұрын Экономикадан әлем кубогының бірінші кезеңіне 18 үздік оқушыдан құралған командамыз қатысты. Осы кезеңнің өзінде-ақ біз командамыздың ерекше екенін білдік. Біздің екі команда тамыз айында көптен күткен Азияның құрлықтық финалына қатысады. Сонымен қатар, сегіз оқушымыз жеке есепте үздік ондыққа енді.

Енді мақтануға тағы бір себеп бар! Haileybury Almaty өңіріміздегі ең үздік мектептердің бірі ретінде танылған. Бұл жетістік – оқушыларымыздың қажырлы еңбегінің, оқуға деген сүйіспеншілігінің және ерекше дарындылығының айғағы.

Стив пен Джулиге дайындық барысында керемет қолдау көрсеткендері үшін ерекше алғыс білдіреміз! Айта кетерлігі, мұндай жоғары нәтижеге қол жеткізген оқушылардың басым бөлігі – 10-12 сынып оқушылары. Олардың күш-жігері мен қажырлы еңбегі өз жемісін берді, біз олардың жетістіктерін мақтан тұтамыз!

Байқауға қатысқан барлық оқушыларды, сондай-ақ олардың мұғалімдерін, ата-аналарын және барша Haileybury Almaty қауымдастығын шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің қолдауыңыздың арқасында біздің оқушылар осындай керемет нәтижеге қол жеткізе алды!

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат