Haileybury Almaty мектебінің тұрақты даму мен экологиялық білім беруге қосқан үлесі үшін екінші рет беделді “Eco-Schools Green Flag” сыйлығын алғанын хабарлауға қуаныштымыз.
Бұл маңызды жетістік – оқушыларымыздың, мұғалімдеріміздің және бүкіл мектеп қауымының адалдығы мен қажырлы еңбегінің айғағы. Қазіргі уақытта Haileybury Almaty - осындай құрметті марапатқа ие болған Қазақстандағы бірден-бір мектеп.
“Green Flag” сыйлығына жолымыз
Мектеп алғашқы “Green Flag” сыйлығын 2021 жылы алған, содан бері Haileybury мұғалімдері мен оқушылары тұрақты дамуға қатысты бастамаларды іске асыруды жалғастыра берді. Бұл сыйлық алған мектептер екі жыл сайын тексерістен өтіп, тұрақты даму мәселелеріне басымдық беретінін дәлелдеу керек. Биылғы оқу жылында оқушыларымыз климаттың өзгеруі, қалдықтарды қайта өңдеу, энергияны үнемдеу, денсаулық пен әл-ауқат сияқты маңызды тақырыптар бойынша әртүрлі әсерлі эко-мектеп жобаларына қатысты. Тексеруші топ оқушыларымыздың ынта-ықыласы мен қызығушылығына тәнті болып, мектебімізге тағы бір сыйлық берді!
Климаттың өзгеруі
- Жерге үндеу: оқушылар климат мәселелері бойынша шараларды жалғастыруға уәде беріп, жалпы мектептік іс-шараға қатысты.
- Жабайы табиғат: биологиялық әртүрлілікті арттыруға және жергілікті жабайы табиғатты зерттеуді насихаттауға бағытталған.
- Beyond Cop21 симпозиумы: оқушыларымыз симпозиумға белсенді қатысып, өз нәтижелерін ұсынып, семинарлар өткізді.
- Жер күні: бір рет қолданылатын пластмассаларды пайдалануды азайту және тұрақты даму тәжірибені насихаттау.
Қалдықтарды қайта өңдеу
- Киім және кітап алмасу: үш іс-шара өткізілді, одан түскен барлық қаражат «Байыту» қайырымдылық ұйымына берілді.
- Қайта өңдеу туралы хабардар болу: қайта өңдеу бойынша сауалнамалар жүргізілді және оқушылар әртүрлі ұйымдардың көмегімен қалдықтарды қайта өңдеуге шақырды.
- Сән көрсетілімі: жауапты өндіріс және тұтыну, қайта өңделген материалдардан жасалған киімдерді көрсету.
Энергия үнемдеу
- “Switch OFF”акциясы: Бастауыш мектепте энергияны үнемдеу бойынша өткізілген науқан.
- Гидропоника жобасы: оқушылар гидропоникалық жүйелерді жобалап, құрастыратын сыныптан тыс жұмыс.
Денсаулық және әл-ауқат
- Мектеп бақшасы: оқу мен психикалық денсаулықты жақсарту мақсатында келесі оқу жылында мектеп бақшасын салу жоспарлануда.
“Green Flag” сыйлығының мәні
“Green Flag” тек күш-жігерімізді растау ғана емес, сонымен қатар болашақ бастамаларға ынталандыру болып табылады. Сыйлық оқушыларымызға қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен айналысуға мүмкіндік береді. Ол Haileybury Almaty мектебін тұрақты даму саласында жетекші орынға әкелді.
Осы игі іске атсалысқан әрбір жанға шынайы алғысымызды білдіреміз. Осы маңызды белеске қол жеткізуде сіздің жігеріңіз бен ынтаңыз үлкен рөл атқарды. Ағымдағы және болашақтағы тұрақты даму жобалары туралы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз!
Тұрақты болашаққа жету жолында бірге әрекет жасайық! Біз бірге әлемді жақсы жаққа өзгерте аламыз!