Біз бірден әлемнің ЕҢ үздік университеттерін көздедік. Ашылғанымыздан бірнеше жыл өткен соң біздің түлектеріміз өте жақсы нәтижелер көрсете бастады. Haileybury Almaty оқушылары бағындырған алғашқы университет University College London болып табылады.
Жыл сайын Haileybury Almaty оқушылары бағындырған жоғары оқу орындарының тізіміне әлемнің 1-2 үздік университеті қосылады. Қазір сол тізімге Оксфорд, Кембридж, Йель, Браун, Колумбия және тағы да басқа университеттер кіреді.
Біз Haileybury Almaty-да үздік университеттер туралы сөз қозғағанда, беделді рейтингтердің көшбасшылары туралы айтамыз. Олардың арасында халықаралық Times Higher Education World University Ranking (THE), Quacquarelli Symonds World University Rankings (QS) және Әлемдік университеттердің академиялық рейтингтері (ARWU) бар. Одан бөлек, әр елдің өзінің ұлттық рейтингі бар. Мысалы, Ұлыбританияда кем дегенде үш ұлттық рейтинг бар: Guardian University Guide, The Complete University Guide, The Times Good University Guide. Нәтижесінде ұлттық немесе халықаралық рейтингте бір университет екі түрлі орын алуы мүмкін және кей кезде осы айырмашылық қатты байқалады. Мұның бәрін Haileybury Almaty қызметкерлері оқушыларға және олардың ата-аналарына оқу орны жайлы кеңес берген кезде біліп, түсініп, ескерулері қажет.
Гаухар Әлжанова: Йель университетінен шақырту алған қазақстандық.
— Ата-анам мені Haileybury Almaty мектебіне 13 жыл бұрын берді. Оларды «қыздары толығымен ағылшын тілінде білім алады, ал мектеп бітіргеннен кейін әлемнің ең беделді университеттеріне есік ашатын халықаралық диплом алады» деген ой қызықтырды. Мен жақсы университетке түсуді орта мектепке бармас бұрын армандай бастадым.
Менің Йель университетінен шақырту алуым толықтай Haileybury мектебінің еңбегі. Неге десеңіз, дәл осы жерде мен IGCSE және A-Level халықаралық оқу бағдарламаларын меңгердім, мектеп маған британдық ғылыми олимпиадаға қатысуға және университет алдындағы инженерлік курсты бітіруге мүмкіндік беріп, қайырымдылықпен айналысуды үйретті. Менің мұғалімдерім менің таңдауымды барынша қолдады, шетелге құжат тапсыру кезінде керемет ұсыныстар берді. Сонымен қатар, мектеп өкілдері біздің шығармаларымызды тексерді, жоғары оқу орындарына өтініш толтыруға көмектесті. Менің ойымша, осы факторлардың жиынтығы менің арманымның - әлемнің ең жақсы университеттерінің бірінде студент болу арманымның орындалуына себепкер болды.