Сенбі, 5 қараша күні Haileybury Almaty мектебінде HAL Science Olympiad 2022 ғылыми олимпиадасының финалдық кезеңі өтті. Бірінші онлайн турға Алматы қаласы мен басқа өңірлердің әртүрлі мектептерінен 100-ге жуық оқушы қатысып, бірінші турда ең көп ұпай жинаған 20 қатысушы финалға өтті.
Олимпиаданың екінші туры ғылыми эксперименттер форматында өтті 🧪. Қатысушылар эксперименттер жүргізді, олардың нәтижелерін жазып, талдады және жаратылыстану пәндері бойынша тест тапсырды. Haileybury Almaty мектебінің оқушылары қонақтарға мектепті аралатты, сонымен қатар олимпиаданың қазылар алқасының құрамына қатысты.
Қорытынды турдың қорытындысы бойынша келесі оқушылар жүлделі орындарға ие болды:
1 орын – Әлихан С.
2 орын – Арман А.
2 орын – Ерасыл А.
3 орын – Диана Д.
3 орын – Камила О.
3 орын – София М.
Олимпиаданың барлық қатысушыларын құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыстар мен жетістіктер тілейміз!