Haileybury Almaty мектебінде тамаша жаңалық бар!

Haileybury Almaty және British School Jakarta Мектеп-интернаттар қоғамдастығының қауіпсіздік саласындағы 2023 жылғы SACPA сыйлығының жеңімпаздары  атанды! 

British School Jakarta және Haileybury Almaty 2023 жылғы қауіпсіздік саласындағы BSA Sacpa сыйлығының жеңімпаздары деп танылғанын хабарлауға қуаныштымыз! Бұл беделді марапат біздің мектеп қауымдастығының барлық мүшелері үшін қауіпсіз және қолайлы орта құруға деген ұмтылысымызды жоғары деңгейде мойындау болып табылады. 

Бұл марапат біздің оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне жоғары жауапкершілікпен қарайтынымызды білдіреді. Біз қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдерін қатаң сақтаймыз, өйткені біз үшін олар мектеп мәдениетіміздің негізгі аспектісі болып табылады, соның арқасында әрбір оқушы өзін қауіпсіз сезінеді, оны қолдайтынын және бағалайтынын сезінеді.

Біз мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Даршак Пандья мырзаға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Оның басшылығы мен қажырлы еңбегінің арқасында, сондай-ақ Haileybury Almaty Қауіпсіздік комитетінің арқасында мектеп осындай маңызды жетістікке қол жеткізді. Haileybury Almaty-да Саймон Миллс, Шынар Садықова, Генри Уилкинсон, Сара Харманн және Даршак Пандьяның көмегімен құрылған қауіпсіздік мәдениеті, сондай-ақ әзірленген сенімді рәсімдер біздің оқушыларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосты.

Қауіпсіз және қолайлы орта құру оқушыларымыздың жан-жақты дамуы үшін өте маңызды екенін түсінеміз. Біздің қауіпсіздік бастамаларымыз келесі шараларды қамтиды:

🔒 Мұқият дайындық: Біздің қызметкерлер соңғы тәжірибелер мен қауіпсіздік хаттамалары туралы хабардар болу үшін National College және басқа аккредиттелген қызмет көрсетушілер көмегімен кешенді дайындықтан өтеді.

🤝 Ата-аналармен ынтымақтастық: біз ата-аналармен белсенді қарым-қатынас жасаймыз, бүкіл мектеп қауымдастығы қатысатын қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірлескен тәсілін құрастырамыз.

👥 Оқушылардың аман-саулығын қамтамасыз ету бағдарламалары: біз төзімділік, өзін-өзі тану және құрдастармен оң қарым-қатынас құра білу сияқты қасиеттерді дамытатын бағдарламаларды пайдалана отырып, оқушыларымыздың психикалық және эмоционалдық аман-саулығына басымдық береміз. Сонымен қатар, бізде оқушылардан тұратын Аман-саулықты қолдау тобы құрылды. Олар да психикалық денсаулық және қауіпсіздік бойынша тренингтен өтеді, сондықтан кез келген уақытта әркімге қолдау көрсете алады.

🌍 Жаһандық ынтымақтастық: British School Jakarta сияқты мекемелермен серіктестік бізге озық тәжірибелермен алмасуға және халықаралық ауқымда қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмысымызды үнемі жетілдіріп тұруға мүмкіндік береді. Жақында Даршак Пандья FOBISIAның қауіпсіздік бойынша басшысы  қызметіне тағайындалды.Ол Haileybury Almaty және басқа да Азия мектептерінің атынан осы ұйымда жұмыс істейді.

Бұл жетістік Haileybury Almaty барлық оқушыларымыз үшін қауіпсіз орын болуын қамтамасыз ететін ең жоғары қауіпсіздік стандарттарын сақтау бойынша ортақ жұмысымыздың нәтижесі болып табылады. Бутчер мырза мен British School Jakarta мектебіне конференцияны өткізгені үшін және бізге қолдау көрсеткені  үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Екі мектеп те мұнымен тоқтап қалмайды, одан әрі шыңдалып, әрқашан мектеп қоғамдастығының әрбір мүшесінің қауіпсіздігі мен аман-саулығын қамтамасыз етудің жаңа жолдарын іздеуде боламыз.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат