Haileybury Almaty «Hyperluminal» командасы CERN ұйымдастырған физика бойынша халықаралық жарыста тамаша нәтиже көрсетті.

Haileybury Almaty мектебінің «Hyperluminal» командасының әлемге әйгілі ядролық зерттеулер орталығы CERN ұйымдастырған физика бойынша беделді халықаралық жарыста үлкен жетістікке жеткені  туралы үлкен мақтанышпен хабарлаймыз.

Әлемнің түкпір-түкпірінен қатысқан 460 команданың ішінен біздің команда қатаң іріктеуден өтіп, үздік 5% қатарынан көрінді, бұл - оқушыларымыздың білім сапасы мен еңбекқорлығын дәлелдейтін ерекше жетістік.

“Hyperluminal” командасының жолы – өршіл және тату команданың жолы. Ешқанадй техникалық немесе ғылыми көмек болмағанына және тәжірибесі аз болғанына қарамастан бұл тамаша команда бәсекеге қабілетті ұсыныс жасап, 435-ке жуық басқа командаларының ішінен ерекшеленіп шықты. Бұл жетістік бүкіл Haileybury Almaty қауымы үшін үлкен мақтаныш болып табылады.

Біздің команда Швейцарияға бармаса да, олардың қол жеткізген жетістігі біз үшін баға жетпес. Олар сыйлықтар мен дипломдарға ие болды, бұл олардың еңбегі үшін лайықты марапат.

Барлық команда мүшелерін осы керемет жетістікпен құттықтаймыз! Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындырады деп сенеміз, сәттілік тілейміз!

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат