9-10 қарашада Haileybury Almaty оқушылары (Haileybury MUN ССА мүшелері) Ташкенттегі Cambridge International School ұйымдастырған жыл сайынғы БҰҰ моделі конференциясына қатысты.
Мектеп командасының құрамында Димаc (9 сынып), Рафи, Алихан, Джин-Су, Арслан, Темірлан, Нұрай және Дональд (барлығы 12 сынып) болды.
Олар Haileybury Almaty мектебінің намысын төрт комитетте сәтті қорғап шықты:
• Бас Ассамблея (UNGA)
• Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ)
• Адам құқықтары жөніндегі кеңес (UNHRC)
• Қауіпсіздік Кеңесі (БҰҚК)
Екі күн бойы оқушыларымыз халықаралық саясаттағы өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынды.
Ең жақсы баяндамалары мен талқылауларға қосқан үлестері үшін “Конференцияның үздік делегаты” атанған Дональд пен Нұрайды (12 сынып) ерекше құттықтаймыз.
Cambridge International School Tashkent мектебіне осындай керемет шара ұйымдастырып, бізді шақырғандары үшін алғысымызды білдіреміз.
Haileybury Almaty Қазақстанды халықаралық аренада таныта алғанын және Қазақстан мен Өзбекстанның білім саласындағы ынтымақтастығын дамытуға үлес қосқанын мақтан тұтады.
Оқушыларымызды осы керемет жетістігімен құттықтаймыз!