Haileybury Almaty мектебі 2021 жылдың қыркүйегінен бастап Жоғары тиімді оқыту (HPL) мектептері қауымдастығының мүшесі болғанын қуана хабарлаймыз.
Жоғары тиімді оқыту (HPL) - бұл мектептермен және мұғалімдермен жұмыс жасайтын ұйым, ол алдына білім берудің келбетін өзгерту және оқушылардың шығу тегіне қарамастан, олардың жоғары үлгерімін қамтамасыз етуді мақсат қояды. HPL – бұл кез-келген мектептің, кез-келген сыныптың және кез-келген елдің білім саласына өзгеріс әкелетін жаһандық қозғалыс. Жоғары тиімді оқыту кез-келген пәнге немесе оқу бағдарламасына сәйкес келеді.
HPL теориясына сәйкес оқушылардың көпшілігі жоғары оқу үлгеріміне қол жеткізе алады. Бұрын санаулы ғана оқушы жоғары оқу үлгеріміне қол жеткізе алады деп есептелді, алайда мектеп пен HPL-дің рөлі оқушыларға жоғары оқу нәтижелеріне жетуге көмектесу болып табылады.