Искандерді Британдық Колумбия университетіне түсуімен құттықтаймыз!

Haileybury Almaty мектебінің ең жарқын оқушыларының бірі Искандердің Оканагандағы Британдық Колумбия университетіне түскенін мақтанышпен хабарлаймыз!

Бұл университетті бітірген соң Искандер ғылым бакалавры дәрежесін алатын болады.  Қазір оның оқу жолында қызықты бастамаларға толы жаңа кезең басталады. Сонымен қатар, ол Эксетер университетінен «Азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша және Уорик университетінен «Химия» мамандығы бойынша оқуға шақыру алды.

Британдық Колумбиядағы өмірдің жаңа кезеңі

Британдық Колумбия университеті (UBC) жоғары сапалы ғылыми бағдарламалармен және жоғары академиялық жетістіктерімен танымал. Искандер жеке өсу мен инновацияға ықпал ететін жайлы оқу ортасымен ерекшеленетін Оканаган кампусында оқитын болады. Британдық Колумбияның қақ ортасында орналасқан Оканаган кампусында сабақтар шағын топтарда өтеді; студенттерге ірі зерттеу университетінің көптеген ресурстары ұсынылады, осылайша Искандерге ғылымыи ізденістермен айналысуға тамаша жағдайлар жасалған.

Алматыдан Оканаганға

Искандердің UBC-ге түсуі оның білімге деген ұмтылысы мен ғылымға деген қызығушылығын көрсетеді. Haileybury Almaty мектебінде Искандер өзінің білуге құмарлығы және еңбекқорлығымен көзге түсті. Ол күрделі ғылыми ұғымдарды тез түсенді, практикалық эксперименттерге қатысуды ұнатады. Ол тіпті UBC сияқты талап етуші академиялық мекемелерде де жетістікке жете алады.

Басқа жетекші университеттердің шақыртулары 

Искандердің оқудағы жетістігі мен табандылығы оған басқа жетекші оқу орындарынан шақырту алуға көмектесті. Эксетер университеті оған “Азаматтық құрылыс” мамандығында оқуды ұсынады, онда ол маңызды инфрақұрылымды жобалау және салуда өз дағдыларын дамыта алады. Уорик университеті оның химиядағы әлеуетін мойындай отырып, оны химия саласындағы озық зерттеулер мен инновацияларға қатысуға шақырады.

Болашақ ашылулар

Искандер жаңа университеттегі өмірге дайындалуда, ал Haileybury Almaty оның академиялық және жеке дамуын қызығушылықпен бақылайтын болады. Оканаган университеті оған әртүрлі ғылыми пәндерді оқуға, сондай-ақ университеттің жарқын өміріне және әртүрлі қоғамдастыққа үлес қосуға мүмкіндік береді. Искандер осы мүмкіндіктерді пайдаланып, өзінің жетістіктерімен баршамызды қуантатынына сенімдіміз.

Искандерді Оканагандағы UBC және басқа да беделді университеттерге түсуімен құттықтаймыз! Табандылық пен төзімділікті танытып, өз арманыңызға қол жеткізе алдыңыз! Болашақта сізге тек жақсылық тілейміз!

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат