Наби беделді Франклин және Маршалл колледжіне стпендиямен қабылданды

Біздің Наби, Haileybury Almaty мектебінің үлгілі оқушысы, АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы беделді Franklin and Marshall College атты оқу орнына оқуға түскенін мақтанышпен хабарлаймыз.

Сондай-ақ оған оқуда қол жеткізген табыстары үшін 20 000 USD көлемінде стипендия беріледі. Franklin and Marshall College – Америка Құрама Штаттарындағы бірегей және жоғары сұранысқа ие университеттердің бірі, жыл сайын қабылдайтын студент саны 500-ден аспайды, олардың ішінде халықаралық студенттер санаулы ғана. Демек, Набидің бұл оқу орнына түсуі оның ғана емес, бүкіл мектеп қоғамдастығының үлкен жетістігі.

Наби Franklin and Marshall College университетіне қажырлы еңбек ету арқылы және академиялық жетістіктерді көрсете білгені үшін түсе алды. Біз алда оның өз әлеуетін толық ашуға мүмкіндігі болады деген үміттеміз. Бұл Набидің жеке жетістігі ғана емес, бұл – біздің мектеп қоғамдастығы үшін үлкен мақтаныш, өйткені ол осы беделді оқу орнына түскен Haileybury мектебінің алғашқы оқушысы.
 
Біз оған сәттілік тілейміз! Алдағы оқуында табысты болсын!
 
 

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат