Біздің мектебімізде 20 сәуірде Наурыз мерекесі тойланды
Мерекеге оқушылар мен мұғалімдер ерекше ат салысып, тамаша көңіл-күй орнады. Бұл күн «Ұлттық киім күні» болып жарияланғандықтан, оқушылар мен мұғалімдердің басым бөлігі әр түрлі ұлттық киімде келіп, мерекені одан сайын айшықтандыра түсті. Наурыз мейрамының шымылдығы алпыс шақты оқушының қатысуымен ұйымдастырылған «Қара жорға» флешмоб биімен ашылып, күні бойы көптеген қызықты іс-шаралармен жалғасты.
⠀
Атап айтқанда:
- 10-сынып оқушыларының қатысуымен "Қазақ салт-дәстүрлері" атты интерактивті викторина ұйымдастырылып, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері насихатталды.
- Оқушылар түскі концертке белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Әсем әндер шырқалып, күй шертіліп, би биленді.
- 9-10-сынып оқушыларына Қазақ киносының жаңа бір туындысы ұсынылды.
- Аулада сырттан келген қолөнершілер өз туындыларымен таныстырып, оларды қалай жасауды үйретті. Сонымен қатар оқушылар киіз үйді тамашалап, бүркітпен суретке түсті.
⠀
Сондай-ақ таңғы және түскі ас кезінде қазақ халқының ұлттық тағамдары ұсынылып, оқушылар дәмді бауырсақ пен құрт-ірімшік жеп, наурыз көже ішіп, мәз-мейрам болды.
⠀
Наурыз мейрамын ерекше етіп ұйымдастыруға ат салысқан барша қауымға алғысымызды білдіреміз!