
Сенбі күні біз 2019 жылдан бері алғашқы рет Наурыз мейрамын атап өтіп, үлкен іс-шара ұйымдастырдық.
Жаңару, бірлік және қазақ мұрасына құрмет рухы барынша сезіліп тұрды. Бұл ерекше күнді бізбен бірге мектептің көптеген отбасылары мен достары атап өтті.
Мерекелік бағдарлама құттықтау сөздері мен ашылу салтанатынан басталды, содан кейін директор сөз сөйлеп, талантты оқушыларымыздың қатысуымен тамаша концертпен жалғасты. Ұлттық костюмдер шеруі шарамызға әсем көрініс сыйлады, барлық қонақтарға шынайы махаббатпен дайындалған қазақтың дәмді тағамдары ұсынылды.
Күні бойы қонақтарға көптеген сауық түрдері ұсынылды:
🐫 Киіз үйлер, түйелер, жылқылар, бүркіттер мен батырлармен суретке түсу
🏰 Кішкентай қонақтарға арналған батут және аквагрим
🎨 Жәрмеңкелер, қайырымдылық сатылым және шығармашылық мастер-класстар
🎯 Көңілді дәстүрлі қазақ ойындары
Оқушыларға, ата-аналарға және қызметкерлерге бұл күнді бізбен өткізгендері үшін алғыс айтамыз! Наурыз — жай ғана мереке емес, бұл — біздің тарихымыз бен бірлік күшінің белгісі.