Қайырымдылық жобалары Haileybury Almaty қоғамдастығы үшін өте маңызды.
Біз балаларға ерте жастан жақындарына жан ашып, оларға қамқор болуды үйретуге тырысамыз. Соңғы оқу триместрінде біз «Солнышко» балалар мен қарттар үйін қолдауға бағытталған жыл сайынғы қайырымдылық жобасын бастадық. Бұл жобаға барлық балалар, ата-аналар мен мектеп қызметкерлері қатысып, осындай маңызды іске өз үлесін қоса алды.
8 қаңтар күні Haileybury Almaty оқушылары мен қызметкерлері «Солнышко» үйіне барып, сол жердің тұрғындарын мектеп қоғамдастығының шын көңілмен жинаған жаңа жылдық сыйлықтарымен қуантты. Түрлі сыйлықтар мен кәмпит толы жеке пакеттер жүктелген екі фургон «Солнышко» үйіндегі балалар, аталар мен әжелерге көп қуаныш әкелді. Біз бұл жобаның бір бөлігі болуға қуаныштымыз және бірлескен жұмысымызды мақтан тұтамыз!