Біздің жүрегіміз Қазақстан халқымен бірге

Елдегі соңғы оқиғалардан кейін, біздің Haileybury қауымдастығындағы барлық адамдар  қауіпсіз және сау екендігіне үміттенеміз және біз алдағы апталарда екі қаладағы мектептерді қауіпсіз ашу үшін жоспар жасап жатырмыз. Covid әлі жалғасып жатқан жағдайының нәтижесінде екі қаладағы Бас Санитарлық Дәрігерлері мектептер кем дегенде 31 қаңтарға дейін, онлайн режимінде жұмыс істейтінін мәлімдеді. Біздің қызметкерлер осы келісімдер туралы отбасылармен байланысады және барлығын хабардар етеді.

Құрметті ата-аналар,

Соңғы күндердің қайғылы оқиғалары баршамызды қынжылтты. Қазіргі таңда Қазақстан елі қалыпты жағдайға оралу үшін барын салуда және біз Haileybury соңғы оқиғалардың қиындықтарына, сондай-ақ Covid жағдайына қарсы тұру көптеген іс-шаралар атқарып жатырмыз. Мектеп кез келген жағдайларға дайын болу үшін біздің Директор Саймон Миллс және оның ұжымы дайындық үстінде.

Өздеріңіз білетіндей, Бас Санитарлық Дәрігер мектептер 31 қаңтарға дейін онлайн оқитын болады деп шешті. Сонымен қатар жақын арада біз әдеттегідей офлайн режимінде жұмыс істейтіндігімізге сенімдімін. Ізгі-ниетпен, алдағы апталарда қауіпсіз және нәтижелі жұмысты тілеймін.

Құрметпен,

Йен Хант

Басқарушылар Кеңесінің Төрағасы

Құрметті Ата-Аналар,

Екінші семестрді бастар алдында, Алматы мен Қазақстандағы болған соңғы қайғылы оқиғалар кезінде туыстарынан немесе достарынан айырылған барлық отбасыларға көңіл айтамыз. Біз сондай-ақ Covid бойынша жағдай туралы жақсы хабардармыз, сондықтан ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес онлайн оқытуды 17 қаңтардан бастаймыз.

Біздің қоғамдастықтың барлық мүшелері үшін, қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударуды жалғастырамыз, сонымен қатар барлық жастағы оқушылардың білім алу мүмкіндігін барынша арттыруға тырысамыз. Мектеп қызметкерлері кез-келген сұрақтарға жауап беру және оқушылардың жақсы нәтижеге қол жеткізуіне көмектесу үшін, барлық отбасылармен тыңғылықты жұмыс істейді. Жағдай тұрақталғанда біз оффлайн режимінде дәріс беруге көшеміз.

2022 жылда баршаңызға бақыт пен сәттілік тілейміз.

Құрметпен,

Саймон Миллс

Директор

Haileybury Almaty

Жаңалықтар
24.04.2024
Арайды қыздарға арналған математика бойынша Еуропалық олимпиададағы жүлделі орынмен құттықтаймыз!
Ең дарынды жас математиктермен бәсекелес болған Арай өзінің ерекше қабілеттерін көрсетіп, үйіне қола медальмен оралды!
22.04.2024
Руйханның инженерлік және музыкалық таланты
Руйхан Imperial College London, Cornell University, King ' s College London, Durham University, Georgia Tech және Boston University сияқты әлемдегі жетекші инженерлік университеттерден шақырулар алғанын қуана хабарлайды.
17.04.2024
Альмина беделді Браун университетіне оқуға түсті
Haileybury Almaty Альминаны көрнекті жетістігімен - Айви лигасының құрметті мүшесі және АҚШ-тың 9-шы үздік университеті болып табылатын Браун университетіне түсуімен - құттықтауға қуанышты!

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат