Haileybury Almaty мектебі ұйымдастырған Спорт күні шарасында біздің керемет жас спортшыларымыз өздерінің күш-жігерін, құлшынысын және айнымас командалық рухын көрсете білді!
Бұл күн көтеріңкі көңіл, достық және едәуір бәсекелестікке толы болды. Оқушыларымыздың жетістіктері үшін бірге қуанайық!
Спорт күні спринт жарысымен басталды. Жас жүгірушілер мәреге қарай ұмтылды, ал біз олардың тамаша жылдамдығына сүйсініп тұрдық. Олардың күш-жігері мақтауға тұрарлық, бізге қаншалықты жылдам және епті бола алатынын көрсетті.
Спорт күні тек жеңіс үшін емес, спорттық шеберлікті көрсету, жолдастықты нығайту, бір-біріне қолдау көрсету мақсатында өткізіледі. Оқушыларымыздың топтағы достарын қолдап, бір-бірін қошеметтеп, нағыз спорттық шеберлік танытқанын көрдік. Спорт алаңында адал жарыс мен достық қарым-қатынастардың күшейгенін көру біз үшін бір ғанибет болды.
Осындай тамаша шараны ұйымдастырған мұғалімдеріміз бен қызметкерлерімізге мың алғыс. Олардың еңбекқорлығы мен жігерлілігі бұл шараның сәтті өтуіне себеп болды. Оқушылармызға спортқа, салауатты және белсенді өмір салтын ұстануға деген сүйіспеншілікті баулығаныңыз үшін көп рақмет!
Осы күні бізбен бірге болған барлық ата-аналарға/қамқоршыларға рақмет! Сіздердің қатысуларыңыз бен қолдауларыңыз біздің жас спортшылар үшін өте маңызды. Олардың алдағы бастамаларына да қолдау көрсетіп жүрейік!